Құрық
Құрық — Маңғыстау облысындағы ауыл. Қарақия ауданының және аттас ауылдық округтің әкімшілігі орталығы<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>.
Географиялық орналасуы
Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км, Қарақия ойысынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жердегі сораң шөптесін өскен шөлді белдемде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың соңында қаланған. 1962 жылы Маңғыстау түбегін игеруге байланысты аудан орталығына айналды.
Ауыл <ref>1993</ref> жылға дейін Ералиев кенті аталып келді.
Халқы
Тұрғыны:
- 6701 адам (3358 ер және 3343 әйел адам) (1999)<ref name="source2">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 8118 адам (4185 ер және 3933 әйел адам) (2009)<ref name="source2"></ref>.
- 10318 адам (2015);
Экономикасы
Құрықта Қарақия мұнай барлау экспедициясы, құрылыс-монтаж кәсіпорны, материалдық-жабдықтау базасы, кәсіпорындар жұмыс істейді. Кентте 4 минералды ыстық су емханасы бар.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Денсаулық саласы
Ауыл бойынша 1 емхана , 1 аудандық аурухана және Ералиево станциясында 1 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Қарақия ауданы елді мекендері