Құрметті азамат
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құрметті азамат - кеңестік конституция талаптарын бұлжытпай орындап, адамгершілік үлгісін танытқан, коммунистік құрылысқа үздік еңбек сіңірген барлық азаматтарға берілетін атақ.
Берілуі
Республикалық дәрежедегі "Құрметті азамат" атағы Жоғарғы Кеңес Президиумының қаулысымен, ал қалалық, ауылдық дәрежедегі атақтар жергілікті Кеңестердің шешімімен беріледі.
Мақсаты
Құрметті азамат атағын беру кеңес адамдары арасында коммунистік тәрбиені нығайтып, оларды жаңа еңбек табыстарына жетуге жігерлендіруді мақсат етті.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>
Дереккөздер
<references/>