Әсемдік
Әсемдік — адамды эстетикалық ұғым, материалдық және рухани дүниенің ләззатқа бөлейтін сипаты. Әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетик. тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері табиғи өлшемдермен айқындалады. Әсемдіктің осындай табиғи өлшемдерін эстетикалық түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. “Пішіннің сыртқы әсемдігі” (Гегель) оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жылтырағанның бәрі әдемі емес. Керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасында жоғары жан сұлулығын кездестіру әбден мүмкін. Қзгілік пен жылылықтан ада әсемдік кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнесі де жатады. Алайда әсемдікті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберген дұрыс емес. өмір мен өнердегі әсемдік рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Шынайы әсемдік адамды шығармашылық дарыны мен қабілетін неғұрлым толық және жемісті пайдаланып, нағыз әдемі және сұлу тұлға мұратына ұмтылуға жігерлендіреді. Қазақтың дәстүрлідүниетанымында әсемдік өмір мұратына айналып, оған үлкен көңіл бөлінген. Мысалы, қазақтар киелі әйел Құдайы Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашымен аспанды жарқыратқан, күн сәулесі мен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Табиғаттағы әсемдік
- Pfau imponierend.jpg
- Papilio machaon01.jpg
- Nymphaea alba.jpg
Nymphea alba
- Purpurkehlnymphe filtered.jpg
Архитектурада
- FlorenceSantaMariaNovella20020318.JPG
Санта-Мария-Новелла шіркеуі (Италия, Флоренция қаласы)
- Florentine Duomo Santa Maria del Fiore1 RB.jpg
Санта-Мария-дель-Фьоре соборы (Италия,Флоренция қаласы)
- Cathedral Notre-Dame de Reims, France-PerCorr.jpg
Фасад Реймс соборы (Франция, Реймс қаласы)
- Casabatllo2.jpg
Антонио Гауди: Бальо үйі (Испания, Барселона қаласы)
Мүсіндемеде
- Paris.louvre.winged.500pix.jpg
- Venus de Milo Louvre Ma399-02b.jpg
- David von Michelangelo.jpg
- Rodin TheThinker.jpg
Бейнелеу өнерінде
- Sandro Botticelli - La nascita di Venere - Google Art Project - edited.jpg
- Mona Lisa, by Leonardo da Vinci, from C2RMF retouched.jpg
- Michelangelo Caravaggio 062.jpg
[[Караваджо]
- Gustav Klimt 017.jpg
Дереккөздер:
<references/>