Әл-Азһар университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет

Әл-Азhар университеті (Египет) — Каирдегі мешіт әрі мұсылман университеті.

Тарихы

Мешітті Фатима әулеті заманының халифы Жауhар Ассықли әл-Муизз hиджраның 359 жылы (970 жылы) жумади айының 24-ші жұлдызында бастап, 361 жылы. (972 жылы) рамазан айының 7-ші жұлдызында бітірді. әл-Азhар атауы — “әл-Джәми әл-Азhар”, яғни күн сәулелі үлкен мешіт ұғымынан шыққан. Кейбір зерттеушілер мұны Фатиманың лақап аты —Зухрамен, зәhра — зәулім, іздиhар — орталық немесе азхар — нұрлы деген сөздермен байланыстырады. һиджраның 375 жылы мұнда медресе ұйымдастырылып, ол 11 ғасырда бүкіл мұсылман әлеміне мәшhүр университет тектес оқу орнына айналды. әл-Азхар университетіне дүниенің төрт бұрышынан талапкерлер келіп Құранды, хадистерді, мұсылман құқығын және араб тілін оқып үйренді. Әл-Азхар университеті ғимаратындағы сәулетті екі мұнараның бірі Қайтпай сұлтан заманында, екіншісі Сұлтан Ғаура кезінде hиджраның 915 жылы. (1510 жылы.) шамасында салынған. Әл-Азhар университеті ұлт-азаттық күресі жылдары батысшылдыққа, отаршылдыққа, “дінсіздікке” қарсы бағыт ұстанып (джихад, исламның таралуы мен салтанат құруы жолында барлық күш-жігерін сарқа жұмсау, ғазауат (“қасиетті соғыс”) идеясын насихаттау, қорғау орталығы болды. Қазір Әл-Азhар университетіде 9 факультет (теология немесе дін негіздері, шариғат, әдебиет, әкімшілік істері және сауда, политехника, ауыл шаруашылық медицина, педагогика, мұсылман қыздар факультеттері) бар. Университет жанында Ислам зерттеулері академиясы және басқа діни институттар мен оқу орындары жұмыс істейді.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен Египеттегі әл-Уақф министрлігінің 1993 жылғы келісімі бойынша Әл-Азhар университетіне оқуға талапкерлер жіберілетін болды. Әл-Азhар университетінде 50-ден астам қазақстандық шәкірттер оқыды (1998). Жоғарыда аталған келісім бойынша Әл-Азhар университетінен келген үш ұстаз Алматыдағы Ислам университетінде діни пәндерден сабақ береді.

Каир мен провинция орталықтарындағы арнаулы діни мекемелер де Әл-Азхар университеті құзырында. Университетті Әл-Азхар университетінің шайхы (ректор) басқарады. Ол әрі бас имам. Египет өкіметінде Әл-Азхар университеті істері жөніндегі министр тағайындалған. Университеттің орталық кітапханасында 80 мың кітап, 20 мың қолжазба сақтаулы. 1929 — 1936 жылы аралығында “Ислам нұры”, одан кейін “әл-Азхар” аталған арнайы журнал шығып тұрады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Әл-Азхар университетін бітірген қазақтар

Атақты түлектер

Дереккөздер

<references/>