Салтанат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Салтанат"би ансамблі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер ұжымы (1967).


1955 жылдан Қазақтың мемлекеттік ән-би ансамблінің негізінде ұйымдастырылып, 1989 жылдан “Салтанат” би ансамблі болып қайта құрылған. 1996 жылдан ансамбльдің көркемдік жетекшісі әрі бас балетмейстері Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Г.Орымбаева. “Салтанат” өнерпаздары қазақ билері, классикалық, басқа да ұлттардың би техникасын жетік игерген. Оның репертуарында 70-ке жуық би қойылымдары бар. “Салтанат” би ансамблінің концерттік бағдарламасын республиканың түкпір-түкпірінде, сондай-ақ шетел (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Болгария, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, т.б.) көрермендері тамашалаған. 1998 жылы Пусан қаласында (Оңтүстік Корея) өткен 19 елдің өнерпаздары қатысқан дүниежүзілік би фестивалінде “Салтанат” ансамблі лауреат атанды. “Салтанат” ансамблінің құрамында Б.Бектаев, Т.Потапова, Э.Дәрменова, А.Омарова, М.Мельник, “Алматы-2000” фестивалінің “Гран при” жүлдесінің иегері А.Нұрбабанова, Ш.Жиенқұлова атындағы республикалық конкурстың лауреаты А.Есекеев, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері С.Бапов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Н.Ножкин сынды би өнерінің шеберлері бар.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}