Әдебиет пен өнер онкүндігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әдебиет пен өнер онкүндігі (Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндіктері), мәдени-көркем шара. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1-онкүндігі 1936 ж. 17-27 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өтті. Онкүндік қазақ әдебиеті мен енерін әлемдік деңгейге көтерген және барлық рухани қуаты мен болмысын танытқан тарихи оқиға болды. Мәскеу сахнасында «Қыз Жібек» пен «Жалбыр» опералары қойылды. ҚазЦИК атындағы (1944 жыдцан бастап Құрманғазы атындағы) ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен халық әндері мен билері, күйлер орындалды. Қазақ жазушыларының әңгіме, өлеңдері, пьесалары орыс тіліне аударылды. Әуезовтің «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі ықшамдалып, «Я, казахскую песню пою» деген атпен «Известия» газетінің 1936 жылғы 23 мамыр күнгі санында Вс. Ивановтың аударуымен жарияланды. Онкүндікке Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, Ғ. Қалмағанбетүлы, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мүқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Т. Жароков, А. Тоқмағамбетов, Ә. Тәжібаев қатысты. Әуезов «Қазақтың халық музыкасы мен театры» («Қазақ әдебиеті», 1936, 5 мамыр), «Ең дана заңды, ең жас мемлекет» («Социалды Қазақстан», 1936, 18 маусым), «Культура возрожденной страны» («Советское искусство», 1936, 11 мамыр), «Казахская музыка» («Известия», 1936, 21 мамыр) атты мақалаларында онкүндіктің маңызы мен оның өту деңгейіне, ұйымдастырылу барысына жоғары баға берді. Қазақ әдебиетінің Мәскеудегі 2-онкүндігі 1949 ж. 10-19 мамырда етті. Осы мәдени шараға орай С. Мұқановтың «Ботагөз», Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ» романдары орыс тіліне аударылды. Ал Әуезовтің «Абай» романының 1-2-кітабы Л. Соболевтің аударуымен «Советский писатель» және «Молодая гвардия» баспаларынан бір жылда қатар жарық көрді. Ұлы жазушы КСРО Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде және Мәскеу мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған әдеби кештерде сөз сөйледі. «Игілікті сапар» («Қазақ әдебиеті», 1949, 10 мамыр), «Онкүндіктен кейін» («Театр», 1949, № 7), «Ең зор бақыт» («Литературная газета», 1949, 24 желтоқсан) атты мақалаларында Әуезов өзінің осы әдеби онкүндіктен алған әсері мен түйген пікірлерін жазды. «Культура и жизнь» газетінде (1949 ж. 31 мамыр) жарияланған «Тамаша туынды» атты мақалада Әуезовтің «Абай» романына аса жоғары баға берілді. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі 3-онкүндігі 1958 ж. 12-21 желтоқсан күндері өтті. Бұл онкүндік - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік деңгейде көтерілгендігін дәлелдейді. Оған Қазақстанның жетекші өнер шаңырақтары мен мәдениет, ғылым қайраткерлері қатысты. Мәскеу қаласының әр түрлі театрларының сахнасында, Абай атындағы академиялық опера және балет театры М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» (либреттосы Қ. Жүмалиевтікі), А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (либреттосы М. Әуезовтікі), Б. В. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», қазақ драма театры Әуезовтің «Еңлік-Кебек», Ғ. Мусіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» («Ақын трагедиясы» деген атпен), Ә. Төжібаевтің «Жалғыз ағаш орман емес», орыс драма театры - Н. Ановтың «Мүрагерлер», Окулевичтің «Джордано Бруно», А. Николаеваның «Жолдағы шайқас» спектакльдерін көрсетті. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы Л. Соболевтің жетекшілігімен Мәскеу мемлекеттік әдебиет баспасынан жарық көрді. Бұл басылымға 1959 ж. Лениндік сыйлық берілді. Жазушы Мәскеу мемлекеттік университетінде, М. Горький атындағы Элем әдебиеті институтында, кітапханалар мен зауыт-фабрикаларда өткен кездесулерде сөз сөйледі. Онкүндік туралы «Үзілмес достық өреніміз» («Социалистік Қазақстан», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Шабыт шалқары» («Литературная газета», 1959 ж. 23 желтоқсан), «Гүлденген бақта» («Правда», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Отан, халық, партия» («Знамя», 1959 ж. №1), «Шығарма шаттығы» («Советский союз», 1959, N9 1) атты мақалалар жарияланды. Әуезов 1936 және 1958 жылғы әдебиет пен өнердің Мәскеуде өткен онкүндіктерін салыстыра келіп:

«Бұл оқиға біздің халқымыз, біздің мөдениетіміз өзінің алтын ғасырын басынан кешіріп отыр деп айтуға толық мүмкіндік береді»<ref>«Шабыт шалқары», «Естен кетпес он күн», А., 1961, 225-бет</ref>

деп жоғары бағалады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әдебиет пен өнер онкүндігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}