Ғабиден Мұстафин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1985, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқиды. Сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебін бітірген (1916). 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеді. Түскен шағымдарды негізге ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуға үйренді. Жазушылыққа ұмтылысы да осы кезеңдерден басталды.

Шығармалары

19251964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы, “Қарағанды пролетариаты” (қазіргі “Орталық Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан “Қызыл ту” газетінің, “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі “Сәрсен мен Боқаш” (1927) “Жыл құсы” альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы “Ер Шойын” (1929) деген атпен шықты.

1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған “Өмір не өлім” атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген еңбек еді. Қаламгер алғашқы романынан-ақ қазақ топырағындағы өндіріс тақырыбын қозғады, шығармада бұрын жабылып қалған өндірістің Кеңестік кезеңде қайта ашылуы суреттелді. Автор осы жолдағы күресті кейіпкерлер әрекеті арқылы біраз шиеленістіріп, жұмысшы табының бейнесін жасады. Бірақ тартыстың жасандылығы роман кейіпкерлері бейнелерінің әлсіз шығуына, композициясының босаңдығына әсер етпей қоймады. Кейін бұл тақырыпқа қайта оралып, Мұстафин Ғабиден дәуір шындығы мен өндіріс адамдарын суреттеуде едәуір табыстарға жетті. Соғыс жылдарында “Құлаған құз”, “Алынған кек”, “Басқа пәле тілден”, “Айғақ” (1942), “Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Керуен” секілді шағын туындылары өмірге келді (“Жиырма бес”, 1953).

Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен “Шығанақ” повесін жазды (1945). Соғыс жылдарында еңсесі түскен елге ерен еңбегі арқылы көмек көрсетіп, демеу болған ақтөбелік диқан Шығанақтан да басқа мұнда еңбек адамдарының кесек тұлғалары көрініс тапқан. Шығармада қажырлы еңбектің нәтижелі жемісі сөз етіледі. Ауыр арпалыс нәтижесінде жеткен жаңа өмірдің күрделі де қиын жолын үлкен суреткерлікпен жазады. Бұл өз кезеңінде ұрпақты еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа жетелейтін, тәрбиелік мәні жоғары шығарма болды. “Миллионер” повесі (1948) соғыстан кейінгі халық өміріндегі өзгерістерді бейнелеуге арналған. Повесть бірнеше шет тілдерге аударылған (ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, чех, болгар, венгр, қытай, т.б.), шығарма желісі бойынша осы аттас пьеса да жазылған. Ол “Қарағанды” (1952), “Дауылдан кейін” ('1960), “Көз көрген” (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді.

Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған “Қарағанды” романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының. тереңдігімен ерекшеленетін “Дауылдан кейін” романы (1960) 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жақты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды. Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында (1963) отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден “Көз көргенді” дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.

Шығармаларының негізгі тақырыбы

Қаламгер туындылары ерекше қуат-жігерге, қуанышқа толы. Мұстафин Ғабиден қаһармандары – өз еңбектерімен тарихи табыстарға жеткен жандар. Олар аға буынның қажырлы рухын, биік мақсаты мен арманын, мағыналы ғұмырын паш етеді. Жомарт, Жанат, Алма секілді жастардың халық алдындағы перзенттік, азаматтық парызды ақтау талабынан туған ізденісі мен махаббатты қастер тұтатын қасиеті – қазіргі ұрпақтың рухани тәрбиесінде жәрдемі болары сөзсіз. Мұстафин Ғабиден шығармаларының елеулі ерекшелігі оның өзіндік стилінде. Ол сөйлемді қысқа құрып, аз сөзге көп мағына береді. Тілі қарапайым да жатық, ұғымға жеңіл, оралымды, ұтымды. Халықтың қанатты, бейнелі сөздерін орынды пайдаланумен қатар өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жиі қолданады. Әдеби-сын мақалаларында елдің, ұлттың жайын қозғап, әдебиеттің бүгіні мен ертеңі, дамуы турасындағы тың ой - тұжырымдарын жазды (“Ой әуендері”, 1974).

Марапаттары

Мұстафин Ғабиден шығармашылықпен қатар қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласты. Ол 5-ші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1954), 6 – 9 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1962 – 1978) болды. Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1978). Ол 2 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған..<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Мұстафин Ғабиден және Абай шығармашылығы

Көркем сөз жайлы Абай айтқан талап, талғам - өлшеусіз өнеге. Қазақтың жазба әдеби тілінің тарихындағы «қайта өрлеу» дәуірінің басында туру бақыты Абайға біреудің ұсынысы бойынша берілген «мәртебе» емес, уақыт өлшемінен сараланған даналық ойға, ақындық қуатқа, көркемдік даралыққа, әлемдік ой-сана парасатымен бәйгі алаңынан үн қатқан озат ойлы классикті мойындаудан барып қалыптасқан шынайы пікір.Корреспондент мүшесі болған.

Абайдың эстетикалық ойларының негізгі мәні, оның көркемдік туралы ұғым-нанымы айқын белгі беретін «Өлең - сөздің патшасы, сөз сара- сы...» деген өлеңін еске түсірейік. Өзінің даналық болмысы, сөз енеріндегі даралық сипаты поэзия әлемінде ерекше биіктікке көтерілген Абайдың әдебиетке қояр негізгі көркемдік талғам-талаптарын өлең сөзге байланысты білдіруі занды еді. Абай айтқан талап-тілектердің бастыла- рының бірі көркем шығарманың мазмұнды, идеялы болып келуіне айырықша зер салса, екіншіден, мазмұн мен түрдің үйлесімін қадағалауды, бірлігін сақтауды қатты көздеген.

Өнер әлеміндегі Абайдың осы өнегелік сипаты өзінен кейінгі қазақ әдебиеті үшін тың идея, соны түр, жаңа көркемдік үлгілердің бастау көзі ретінде күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, әрқашан бағдар бола беретін құбылыс. Абайдың өнегелік қырларының бағдары сала-сала. Бүгінгі қазақ жазушыларының ішінде одан үйренбеген, оның көркем өнерге қойған талап-тілектерін басшылыққа алмаған ақын-жазушы жоқ десек артық емес. Алайда ол талаптарды бойына сіңіре білу әр жазушының талант-дарынына, зерттей ізденіп, кеңіліне зерделеп тоқи білуіне байланысты. Әдебиеттегі Абай тұлғасының биіктігі, классик өнер туындысын жасай алуы, көркемдік үлгіні ерекше меңгеруімен қатар өзі өмір сурген ортаның, қоғамдық қатынастардың реалистік бейнесін жасай білуінде. Өз заманының мінез-құлқын зерделеп, бүгінгі дәуірі мен кешегі күндерін саралап, болашақ өмірді пайымдап алуында. Қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Мұстафин шығармаларында Абай өнегесі, Абай дәстүрі берік орын тепкендігі, жазушының алдына жаңа идеялық мақсаттар қойып, өз дәуірінің көркем бейнесін жасай білуде Абаймен үндестік танытқаны айқын. Ондаған әңгімөлері мен бірнеше шағын пьесаларын былай қойғанда, «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзбен көрген» сияқты роман, повестері арқылы жазушы қазақ әдебиетінің дамуына, көркемдік жетістіктерге жетуіне мол үлес қосты. Жазушының қатар түзген бұл шығармалары бір-біріне жалғасып жатқан ұлкен көзенді қамти отырып, 20-ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының көркем шежіресін жасады деуге болады.

Осы тұрғыдан келгенде Мұстафин Ұлы ақын дәстүрін, Абай өнегесін бірнеше түрлі сипатта сабақтастыра алды. Бірінші, Ғ. Мұстафин де Абай сияқты тақырыпты өз дәүірінен, бірге тыныстап, қатар тіршілік жасап жүрген замандастарының іс- әрекетінен, көзімен керіп, бастан кешірген өмір шындығынан іздеп тапты Екінші сөз енері жайлы Абай қойған талап деңгейіне ден қойды. Әр сөздің, әр сөйлемнің көркем құрылуы мен ондағы ойдың терең де мағыналы болып шығуына ерекше назар аударды. Жазушының жоғарыда айтылған шығармаларыныңқай-қайсысында болсын, мақал-мәтелге айналып кеткен жолдар аз көздеспейді. Аз сөзге көп мағына беріп, сөйлемді қысқа құруы, тілінің қарапайымдылығы, ұғымға жеңіл, жатық өрі ұтымды, оралымды болып келуі Мұстафинның өзіндік стилін танытады. Халықтың бейнелі, қанатты сөздерін орынды пайдалана отырып, өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жасай білген. Абай өлеңіндегі көптеген жолдардың мақал-мәтелге айналып кеткені секілді

Мұстафин шығармаларында көздесетін: «Біткен іске сыншы көп, піскен асты жеуші көп», «Сыншының бәрі бірдей мінші ме, жеушінің бәрі бірдей енші ме?», «Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік?»,«Теңіздей терең халық ішінде алмастай асыл ойлар жатыр», «Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық». «Барды қанағат тұтып, жоқты іздемеу - мешеулік» т. б. тәрізді бейнелі тіркестер қанатты сөздерге айналуы соның айғағы. Кейіпкер образын сомдау барысында портрет жасау шеберлігі де оның өзгеше өнерпаздық қырын айғақтап турғандай. Осының бәрі де - Абай тағылымын өнеге тұтып, Абай дәстүрін сабақтастыра білудің жемісі. Аз сөйлеп, көп толғану тағылымын әбден бойына сіңірген жазушы әдебиет жайлы ойларын да айтуға міндетті тұста ғана сыншыл зерде, биік талғам деңгейінен сүзгіден еткізіп, сығымдап беріп отырған. «Әдебиет - адам енерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындардың бірі» дей отырып, сөз өнері жайлы былайша толғанады: «Әдебиет-ойдың, тілдің жемісі. Алғыр тіл күн шалмағанды шалады, қараңғы көңілге сәуле бере алады, суық көңілді жылыта алады». Осылайша әдебиеттің маңызы, міндеті жайлы, әр көздегі қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері, олардың шығармалары туралы толғаныстарын білдіріп отырған. Өзінің әдеттегі жинақы да қысқалықты бағдар тұтатын қалпын сақтай отырып, Ұлы Абай мұрасыжайлы да ойын бір мақаланың аумағында сабақтаған. Абайға арналған «Жұлдызы өлең-жырдың сөнбейтұғын» атты мақаласын Ғ. Мұстафин 1971 ж. Ұлы ақынның жүз жиырма бес жылдық мерейтойына арнап жазған.Жазушының 1978 ж. шыққан «Ой әуендері» кітабында басылып, кейін бес томдық шығармалар жинағының бесінші томына енгізілген. Мақалада Абайдың әдебиеттегі тарихи орны, ақындық тұлғасы жайлы сыр толғанады. «Әдебиет, шын мағынасындағы әдебиет жойылмайды. Өз тұсындағы қауым тіршілігін, табиғат тіршілігін кейінгі ұрпақтарға, кейінгі қауымдарға жеткізіп беріп отырады. Осының мысалдарын алыстан іздемей-ақ, өзіміздің қазақтың фольклор, эпостарынан немесе Абай шығармаларынан көріп, біліп келеміз» дей келіп, ұлы ақынның шығармашылығындағы ерен үлгі мен жан-жақтылығына, аудармашылық шеберлігіне тоқталады. «Абай шыңы бәрімізден жоғарытұр. Орыстың үлкен әдебиетшілері айтқандай-ақ Пушкиннің, Толстойдың орны бос тұр демекші, біздің Абайдың да орны бос тұр», - дейді жазушы. Абай талантының қайнар көзі, даналық сипатының негізі жайлы ойынбылайша ербітеді: «Әрине, ешбір шың тек өзі ғана тіп-тік шығып кетерілмейді. Шың неғұрлым биік болса, солғұрлым оны қоршаған төбе, шоқылар да көп болмақ. Абайды Абай еткен - алдымен өзінің халқы. Тастақ жерге өсімдік еспейді. Абайды өсіретін ортасы- әріден келе жатқан халықтың мұрасы, Шығыстан, Европадан алған білім нәрлері». Аз сөзге көп мағына сыйдырып айтылған бұл жолдарда тарихи баға, терең түжырым жатыр. Біріншіден, Абайдың өз ортасына, кейінгілерге еткен ықпал, әсері пайымдалса, екіншіден. Ұлы ақынды өсірген құнарлы топырақ, қасиетті орта зерделенеді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер