Әбілғазы Итенұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әбілғазы Итенұлы<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>(1810, Бозащы түбегі – 1887 Құлсары, Молқат жері) – батыр һәм әулие. Ол заманында елі мен жерін сыртқы жаудан қорғауға ат салысқан, «Даукескен», «Қараған-Босаға» шайқастарына қатысқан белгілі батырлардың бірі.
- Айтулы ақын Нұрым: «...Ол адамдардың ішінде Әбілғазы, Көтібар ...аттанған күні ерлердің жолдасы еді осылар», – деп өрнектесе, Түмен ақын: «Бастығы Балуанияз, Асар, Балта, Арыстан, Әбілғазы, Амантұрлы кездесіп, кілең батыр кең далада, қарудың қара қанға батқан жері», – деп жырға қосыпты.
- Бірде Қонай батырдың ұрпағы Төкеш батыр жекпе-жекте шейіт болып, іле: «Ағамның кегін өзім аламын» деп алғы шепке ат ойнатып, інісі Қазбек шығады. Осы сәтте майданға басшылық етіп тұрғандардың бірі: «Өтеулінің екі баласына бірдей жазым болса ыңғайсыз болар, Қазбекті жібермеңдер», – депті. Сонда ту ұстап тұрған Әбілғазы батыр: «Жолын бөгеме, Қазыбекті Қонайдың әруағы қолдап тұр», – депті. Әруақты батырдың айтқаны қабыл болып, Қазыбек сол күні жаудың тоғыз адамын аттан түсірген екен.
- Атаның құрсақ көтермеген, көтеріліп ауырған, тағы басқалар түрлі дертті жандардың сырқатына шипа болғаны, сондай-ақ төрт түлік мал арасында кездесетін ауруларға да сан рет септігін тигізгені туралы әңгімелер жетіп артылады.
- Әбілғазы ата Құлсарыда Қарағай-Молқатқа жерленген. Батыр бабаға ұрпақтары 1998 жылы кесене-там, 2006 жылы түнемелік тұрғызды.
- Бейіт басына ағаш егіліп, шырақшы белгіледі.
Дереккөздер
<references/>