Бозащы түбегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

БозащыКаспий теңізінің солтүстік-шығысындағы түбек.

Орналасқан жерi

Аумағы 20 мың км². Абсолютiк биіктігі 29 м. Жер бедеріне төрттік кезеңнің ойпатты аккумуляттық жазығы тән. Онда құмдауытты төбелер кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңістеніп, шығыста Өлі Қолтық пен Қайдақ сорларына ұласады.

Климаты

Климаты континенттік. Қаңтарда ауаның орташа температурарасы –7С, шілдеде 26С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 200 — 250 мм. Жылына 40 күндей дауылды жел (жылд. 15 м/с-тен астам) болып тұрады. Теңіз жағалауында сораң топырақ, қалған жерінде сұр және сортаң топырақ қалыптасқан.

Өсімдіктер

Өсімдіктерден бұйырғын, жусан, т.б. өседі. Құмды жерлерде тұщы құдықтар кездеседі.

Түбек жері мал жайылымына пайдаланылады.Қаламқас, Қаражанбас, Бозащы мұнай-газ кендерін игеруге байланысты автомобиль жолдары салынған, мұнай құбырлары тартылған.

Бозащы артезиан алабы

Бозащы артезиан алабы – Бозащы түбегіндегі арынды жер асты суы қалыптасқан аймақ. Артезиандық сулы қабаттар пермь-триас кезеңдерінің іргетасты қыртыстарының үстінде, юра-бор-палеоген кезеңдерінің құмды және құмтасты шөгінділерінде қалыптасқан. Бұл қабаттардың жалпы қалыңдығы Бозащы түбегінің солтүстік-батысынан (1000 м шамасынан) оңтүстікте Маңғыстау таулы ауданына (1500-ден 1800 м-ге дейін), әсіресе, шығыстағы Үстіртке қарай (2000 – 2500 м-ге дейін) ұлғая түседі. Негізгі артезиандық сулы қабат бор қабаттарының орта шенін (альб-сеноман құмды шөгінділерін) алып жатыр. Ондағы арынды жер асты суының тереңд. 200 – 500 м-ден 1500 – 2000 м-ге дейін жетеді. Бұрғылау кезінде күшті арынмен атқылап шығатын су жер бетінен 10 – 50 м биіктікке көтеріледі. Ұңғымадан шығатын судың мөлшері секундына 10 – 27 л-ге жетеді. Артезиандық судың минералдылығы алаптың оңтүстігінде 2 – 5 г/л болса, солт. мен солтүстикте-шығысында 80 – 120 г/л-ге дейін артады. Түбектің үстіңгі жұқа (5 – 30 м) антропогендік құм-сазды теңіз шөгінділерінде грунт суы қалыптасқан. Оның тереңдігі 1 – 10 м-ден, су мөлшері секундына 0,1 – 0,3 л-ден аспайды. Суы негізінен ащы. Тұщы сулар түбектің орт. бөлігінде, теңіз бетінен биіктеу жерлердегі құмшағылдар мен құмды теңіз шөгінділерде орналасқан. Бозащы артезиан алабының тұщы және тұзы аздау артезиан, грунт сулары елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, ішінара егістікке пайдаланылады.

Бозащы мұнай-газ кені

Бозащы мұнай-газ кені , Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 175 км жерде, Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы Бозащы түбегінде орналасқан. Кен орны сейсмик. барлау нәтижесінде 1975 ж. анықталған. Бұрғылау жұмыстары 1975 – 78 ж. жүргізілген. Кен орны антиклинальдық құрылыммен байланысты. Юра мен бор шөгінді жыныстарынан тұратын құрылымның орт. бөлігі тектоникалық жарылымдармен 10 блокқа бөлшектелген. Қалыңдығы 4,2 – 20 м кенге бай мұнай-газ шоғырлары юра қабаттарында кездеседі. Коллекторлар құмтас және алевритті жыныстардан құралған, олардың орташа кеуект. 26 – 28%. Мұнайдың бастапқы тәуліктік өнімділігі 3,4 – 48 м3 болды (газ 25 – 54 мың м3). Мұнайы ауыр, тығызд. 0,938 – 0,940 г/см3, күкірті 2%, парафині 1,5%, шайыры 15%. Мұнайдың құрамында ванадий мен никель бар. Газы «құрғақ», құрамында 95,5% метан, 4,5% басқа көмір сутектер бар. Кен орны өндірістік игеруге дайындалған.

<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бозащы түбегі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}