Әбділда Жүргенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қысқаша мәлімет

Жүргенбаев Әбділда(1914, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы – 6.4.1986, сонда) – ақын, жыршы. Нартай Бекежановтың концерттік бригадасында (1938 – 48) өнер көрсеткен. Әр жылдарда өткен (1943, 1946) республикалық ақындар айтысына қатысып, Үмбетәлі Кәрібаев, Есдәулет Қандеков, Кенен Әзірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Құлжабай Төлеуовтәрізді белгілі ақындармен айтысқан. Жүргенбаевтан “Көрұғлы” дастанының көне нұсқасы, “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр” эпостарының кейбір нұсқалары жазылып алынған. Халық мұраларын жинауға қатысып, Әдебиет және өнер институтына “Байбатша”, “Атымтай жомарт”, “Шәкір-Шәкірат”, т.б. дастандарды тапсырған. Шығармалары әр жылдары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (1966) жинақтарында жарық көрген. Сыр өңірінің 20-дан астам ән-термесі Жүргенбаевтың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбділда Жүргенбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}