Рахмет Мәзқожаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахмет Мәзқожаев (1881, қазіргі Сырдария ауданы Амангелді ауылы – 23.9.1976, сонда) – халық ақыны. Ұзақ жылдар бойы ұжымшарда өндіріс бригадирі болып істеген. Н.Бекежанов басқарған концерттік-эстрадалық бригада құрамында өнерін көрсетті. Соғыстан кейінгі жылдарда облыстық, республикалық айтыстарда Е.Қандековпен, Ә.Жүргенбаевпен, Ө.Жайлауовпен өнер сайысына түсті. Бірнеше жыр-дастан, терме-толғауларды жырлап, насихаттаған. Мәзқожаевтың «Қойдың арызы», «Қызыл сиырдың арызы», «Малдарды шақыру», «Сырдария сағасы» деген өлеңдері «Пернедегі термелер» (1965), Ө.Жайлауовпен айтысы «Айтыс» (3-т. 1966) жинақтарында жарияланған. Бүкіл түркі халқына кең тараған «Көрұғлы» дастаны (1973) Мәзқожаевтың нұсқасы бойынша жеке кітап болып басылды.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рахмет Мәзқожаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}