Есдәулет Қандеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есдәулет Қандеков (Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында туған, 1887-сонда, 1971) — ақын, жырау. 1916 жылы Жетісудағы Нұрғожаүлы Әли бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың жасақшы-жыршысы болған. Бостандыққа шақырған көптеген өлеңдері мен «1916 жыл», «Тауда» деген дастандарын осы тұста шығарған. Көтерілісті күшпенбасқан, патша жандармдары қолға түскендерді қатаң жазалайды. Ес дәулетті 20 жылға жер аударады.

Кеңес дәуірінің тынысын арқау еткен «Заманың туды, кедейлер» (1928), т.б. өлең-жырларын шығарды. Ұлы Отан соғысы жылдары ұстазы Жамбылға ұн қосып, «Жеңіс үшін», «Жауынғерлер», «Жылы киім береміз», «Ерлер естен шыға ма», «Күн бүгін» деген өлең-толғауларын жырлап, елді жеңіске шақырады. «Жетіген батыр», «Күреңбай батыр», «Шаян батыр», «Қос жұлдызды Жазылбек» дастандары бар.

Ол Ү.Кәрібаев, К.Әзірбаев, Ж.Жантөбетов, Қ.Жапсарбаев, Ә.Жүргенбаев, Р.Мәзқожаев сияқты ақындармен айтысқа түскен. Ақынның шығармалары жергілікті баспасөзде, жинақтарда жариялайды. Өлеңдер жинағы 1964 жылы жеке кітап болып шықты. 1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Тұлпар тұяғы» атты өлеңдері мен дастандары, айтыстары жеке кітап болып шықты. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}