Қонақ (өсімдік)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қонақ, италия қонағы (лат. Setаria itаlica)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 50-100 см.
  • Сабағы тік, жапырақ қынабы жалаң әрі тегіс болып келеді.
  • Тілшесі қысқа, қылтанақты.
  • Жалпақ жапырақтары таспа тәрізді, ұзындығы 1,5 см-дей, екі жағы да бұдырлы, өткір қырлы.
  • Тамыр жүйесі көп тармақты, жақсы жетілген, 150 см тереңдікке дейін жететіндіктен, ылғалды аса қажет етпейді. Гүлшоғыры - масақ, жалпақтау цилиндр тәрізді, ұзындығы 3 см-ге дейін, көбіне төмен қарай иіліп тұрады. Масағының ұзындығы 2,5-3 мм, айнала қылтанақ өскен. Қылтанағы сарғыш немесе күлгін түсті.
  • Жемісі - дәнек. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Құрғақшылыққа төзімді, жылу сүйгіш өсімдік.

Өсетін жері мен таралуы

Жабайы түрі Азияда таралған. Мәдени түрі субтропикалық және қоңыржай климаттық белдеулерде мал азықтық және тағамға пайдалану үшін өсіріледі. Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі және егістікте арамшөп түрінде де кездеседі. Қара, шымды-сортаң және сұр орман топырақтарында жақсы өседі.

Өсіп-өнуі және қолданысы

Ауа температурасы 5°С болғанда тұқымы өне бастайды, 2,5-4,5 см тереңдікте себеді, жас өскіні суыққа төзімсіз.
Қонақты аралас егісте сиыржоңышқа, беде, т.б. бұршақ тұқымдастарымен араластырып егеді.
Дән ретінде балауызданған немесе толық пісе бастаған кезде, жасыл шөп ретінде шауып алады.
Тағам ретінде қолданылатын (жарма, ұн) және мал азықтық (дән, пішен, шөп) бағалы дақыл.
Шөбін, пішені мен сүрлемін малдарға, дәнін барлық ауыл шаруашылығы малдарына және құстарға береді.
Тұқымы жарма дайындау үшін тарымен қатар қолданылады.
Құнарлы жайылымдық мал азығы.

Құрамы

  • Жасыл шөбінде - 15,5 бірлік калория және 2,1 кг қорытылатын протеин;
  • Пішенінде - сәйкесінше 5,5 және 3,4;
  • Дәнінде - 19%-ға тең протеин;
  • Пішенінде - 12 %-ға тең протеин.

Дереккөздер

<references/>