Қылтанақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қылтанақ<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының арпабас туысына жататын бір жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 10-50 см.
  • Сабағы тік, түксіз кейде қысқа түкті келеді.
  • Жапырақ қынабы түкті, кейде түксіз, тілшесі 3 мм. Жапырағы таспа тәрізді, ені 2-5 мм.
  • Гүл шоғы - масақша, ұзындығы 4-10 см.

Өсетін жері мен таралуы

Қылтанақ Кавказ, Орта Азия елдерінде, Балқан және Кіші Азия түбектерінде, Иранда кездеседі. Қазақстанда - Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарында, Мойынқұм, Қызылқұм құмды алқаптарында, Жетісу, Іле, Қырғыз Алатауларында, Қаратау, Тянь-Шаньда құмтасты жерлерде өседі. Көктемде жақсы мал жайылымы, кейде егістіктің арамшөбі.

Дереккөздер

<references/>