Қайрат Жолдыбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Қайрат Жолдыбайұлы Мәмбетбаев (14 қаңтар, 1978 жылы Темірлік ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы) - белгілі дінтанушы, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы.

Өмірбаяны

Балалық шағы

Темірлік ауылында дүниеге келді. Бастауыш мектепті Темірлік ауылында оқыды. Алтыншы сыныптан бастап тоғызыншы сыныпқа дейін Алматы қаласындағы №4 мектеп интернатында білім алды.

Оқу жолы

1993 жылдың қазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жіберуімен Түркия республикасының Стамбұл қаласында «Құран сауат ашу" курсында 1 жыл оқып қайтты. 1994 жылдың желтоқсан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Мысыр араб республикасына діни білімін тереңдетуге жіберілді. Мысырда Әл-Азхар университетінің әуелі «Сәнауи» институын сосын «Ислам шариғаты» факультетін тәмамдап 2001 жылы елге оралды.

Еңбек жолы

2001-2004 жылдар аралығында «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінде ұстаз болып жұмыс істеді.

2003-2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің Дінтану бойынша магистратурасын тәмамдады.

2005-2006 жылдар аралығында имамдардың білімін жетілдіру иниститутында ұстаз қызметін атқарумен қатар «Алтын қалам» баспасында бас редактор болып жұмыс істеді.

2007-2011 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Үгіт-насихат және интернетппен жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

2009-2011 жылдар аралығында ҚМДБ-ның аппарат басшысы қызметін атқарды.

2011 жылдың 3 қараша күні Қайрат Жолдыбайұлы Астана қаласында салынып жатқан Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы болып тағайындалды.<ref>Діни басқармада кадрлық тағайындаулар</ref>

2011 жылдың 23 желтоқсаны күні Қайрат Жолдыбайұлы Бас муфтидің 1-ші орынбасары болып тағындалды. Жаңа лауазымын Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамдығымен қатар алып жүретін болды.<ref>Бас муфтидің бірінші орынбасары тағайындалды.</ref>

Жанұясы

Үйленген, төрт баланың әкесі.

Еңбектері

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер