Әзірет Сұлтан мешіті
Хазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га. жерді алып жатқан аумақта орналасқан, мешіттің жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метрді құрайды. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үлгісінде орындалған. <ref> Егемен Қазақстан газеті</ref>
2014 жылы Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы болып Серікбай Ораз тағайындалды.
Мазмұны
Мешіттің ашылуы
Хазрет Сұлтан мешітің құрылысы 2009 маусым айында басталған болатын. 2012 жылдың 15 қаңтар күні мешітте өрт болуына байланысты көктемде ашылуы керек мешіт құрылысы кейінге шегерілді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамытуға арналған жиналыста Хазрет Сұлтан мешітін салып жатқан құрылыс компаниясына құрылысты 6 шілде күні аяқтауды бұйырды. 2012 жылдың 6 шілде күні Хазрет Сұлтан мешітің салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР-дың президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Мешіт жайлы айтылған сөздер
Құрылыс жұмыстарына жоғары баға берген ҚР Президенті, 2011 жылы 7 желтоқсан күні мешітті зиярат етіп былай деді: «Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып табылады. Ол мемлекет есебінен емес, адамдардың қосқан қаражатының есебінен салынып жатыр. Мешіттің құрылысы алдағы жылы аяқталады. Сол кезде салтанатты түрде ашатын боламыз», – деді.<ref> Ислам және Өркениет газеті.</ref>
Мешіттің күмбезі
«Хазірет Сұлтан» мешіті – Қазақстан бойынша ең үлкен күмбезді мешіт. Оның биіктігі – 51, ені – 28,1 метр. Ал бұл күмбездің жиегіндегі 8 күмбездің әрқайсысының ені 7,6 метр, ал вестибюль күмбезінің ені 15,2 метр. Мешіттің айшықты келбетін 4 мұнара толықтырады. Олардың әрқайсысының биіктігі 77 метр. <ref> Егемен Қазақстан газеті</ref>
Сипаттамасы
Имандылық ордасы үш қабаттан тұрады. Әр қабатта ғибадатхана залдары, неке қиюға және дәрет алуға арналған бөлмелер, Құран оқуға және оқу ағартушылық топтың сабақ оқуына арналған залдар, асхана бар. Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көрсету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері орналасқан.<ref> Егемен Қазақстан газеті</ref> Сондай-ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған.<ref> Ислам және Өркениет газеті.</ref> Мешіттің алдыңғы жағынан қабырғалары табиғи тастармен әрлендірілсе, темір-бетонды күмбездері металмен көмкеріле өрілген.<ref> Егемен Қазақстан газеті</ref> Жоба жетекшісі Шефик Искендероғлының айтуынша, құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізілген. Сондай-ақ, отандық өнімдер де пайдаланылған.<ref> Ислам және Өркениет газеті.</ref>
Жоба классикалық ислам стилі мен дәстүрлі қазақ орнаменті және декоративті элементтер қосындысы ретінде құрастырылған.<ref>ҚМДБ ресми сайты</ref> Жалпы құрылыс аумағы 20,6 мың шаршы метрді құрайды. <ref> Ислам және Өркениет газеті.</ref>
2012 жылы 15 қаңтар күні Хазрет Сұлтан мешітінде өрт болды. Өрттің салдарынан 1 адам қаза тапты. Өрт көлемі 800 кв. метрді қамтыған.<ref>Пожар в мечети Астаны потушен</ref> Кейінірек 21 ақпанда сараптама нәтижесі бойынша хабарланғандай өрт себебіт салғырттық, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандық деп танылды. <ref> [1]</ref>
Мешіттің ресми веб-сайты жұмыс істейді. <ref>Хазрет Сұлтан мешітінің ресми веб-сайты</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Астана мешіттері Үлгі:Қазақстан мешіттері Үлгі:Commons category