Қазмедиа орталығы
Үлгі:Ғимарат Қазмедиа орталығы (немесе Астана қаласындағы телерадио кешені Үлгі:Lang-en) — ұлттық теледидар және радиохабар арналарын жасау және тарату кешені. «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын бір орталыққа біріктіру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған.
Кешеннің жалпы аумағы — 75,5 мың шаршы метр. Кешен құрамында аппаратты-студиялық блоктар, көп арналы телетарату блогы, көп арналы радиотарату блогы, 1000 орындық киноконцерттік залы, ұлттық медиа-мұрағаттың техникалық кешені бар.
«Қазмедиа орталығы» ғимаратының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылған. 6 маусымда ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетінің төрағасы Болат Кальянбековтің бұйрығымен «Қазмедиа орталығы» басқарма компаниясы» ЖШС-нің бас директоры болып ҚазГЗУ түлегі Қанат Сахариянов тағайындалды деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі. Бұған дейін ол «Хабар» агенттігі» АҚ-ның басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. <ref> Үлгі:Cite web </ref> <ref> Үлгі:Cite web </ref>
Қазақстанның мемлекеттік үлесі бар телеарналары «Қазмедиа орталығы» телерадиокешеніне қарайды. «Хабар агенттігі» АҚ, «Қазақстан» РТРК», «Kazakh TV», «Мәдениет», «Балапан» телеарналары, «Мир» ХТРК мен «Еуразия+ОРТ» телекомпанияларына қарасты арналар 2012-жылдың қыркүйек айынан бастап телерадиокешен ғимаратынан хабар таратады. Кешенде одан басқа «Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Астана» радиолары орналасқан. Телерадиокешен негізінде қыркүйек айынан бастап «Білім» және тәулік бойы жаңалықтар тарататын «24.KZ» атты екі жаңа арна шығарыла бастады.
Орталықтың негізгі мақсаты — мемлекеттік телеарналардың техникалық базасын қазіргі заман талабына сай стандарттарға келтіру, медиа-кеңістікті ұлттық медиа-контентпен толтыру, эфирлік сандық телевидение мен радиотаратуға өту, электронды медиа-мұрағатты құру. Биіктігі 102 метрлік 22 қабаттық ғимараттың бірінші қабаты телестудияларға, ал мұнара әкімшілік пен шығармашылық топқа арналады. Алып дәлізде телесериалдар мен телебағдарламалар түсіретін ірі студиялар орналасқан. Отандық телевизиялық орталықта бірнеше телеарналар орналасқан. <ref> Үлгі:Cite web </ref> <ref> Үлгі:Cite web </ref> Телерадиокешен ұлттық тарату компаниялары үшін басты технологиялық алаң болады және сапалы әрі бәсекеге қабілетті медиаконтент өндірісіне деген барлық ағымдағы және келешектегі сұранысты қанағаттандырады.
Кешен керемет мультимедиалық жоба болып табылады. Оған жаңалықтар, ток-шоу, сериалдар түсіру, дыбыс жазу, дубляж жасау, радио тарату жұмыстарын дайындау үшін 24 студия орналастырылған. Орнатылған жабдықтар микрофондарды, камераларды, монтаждау пульттерін, жарықтандыруды, дыбыс жүйелерін т.б. қоса алғанда, толықтай жинақталған технологиялық желі болып табылады. ТРК-нің жоғары сыныпты техникалық жарақтандырылуы оны тек Орталық Азия және ТМД елдері ғана емес, сонымен қатар әлемдегі де ең жетекші жабдықтар қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде мұнда құрал-жабдықтарды дайындау мен телеарналар персоналын әлемдегі ең заманауи телекоммуникациялық және телевизиялық жабдықтарда жұмыс істеуге оқытып, үйрету үрдістері аяқталуға таяу. <ref> Үлгі:Cite web </ref> Медиа орталықта бүкіл қаладағы кварталдарды, көшелер мен үйлердің телевизиялық декорациясын жасауға, телевизиялық бағдарламалар мен жаңалықтарды түсіру үшін студияны құрастыруға мүмкіндік беретін телевизиялық сериалдар өндірісі үшін аппараттық-студия орнатылған. Кешенде симфониялық оркестрде орындалатын шығармаларды жазып алуға арналған, киноконцерт кешенімен, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін синхронды аударма жүйесімен жабдықталған үлкен концерт залы бар.
Ал 22-қабатында қаланың панорамалық көрінісін пайдалана отырып, тікелей эфир жүргізетін және бағдарламаларды жазуды ұйымдастыруға қолайлы екі панорамалық студия (SkyStudio) орналасқан. Бейінді студиялармен қатар, «Қазмедиа орталығында» сондай-ақ тәулік бойы радиохабарларын тарату және аудиоконтент кешені, спутниктік телепром орналасқан.
«Қазмедиа орталығының» барлық технологиялық алаңы әлемдік жетекші өндірушілердің жаңа өнімдерімен жабдықталған. Мұнда орнатылған әлемдегі ең озық деген құрал-жабдықтарды сатып алуға 33 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Кешеннің өндірістік базасын бірыңғай заманауи технологияға және айқындығы жоғары (HD) форматқа сай келтіру жоспарланған. <ref> Үлгі:Cite web </ref> <ref> Үлгі:Cite web </ref>
«Қазмедиа орталығы» - бұл Тәуелсіздік күні өзіміздің БАҚ-тарға сыйлығымыз. Мұнда еліміздің барлық негізгі телерадио арналары орналасады. Медиа орталық әлемдегі озық жабдықтармен жабдықталған. Оған жауап ретінде мен отандық ақпарат өнімдерінің сапасының артқанын күтемін. ҚР-ның президенті Н.Назарбаев
Халықаралық байланысы
2012 жылы 4 желтоқсанда Қазмедиа орталығы Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағының (The Asia-Pacific Broadcasting Union, ABU) ресми түрде толыққанды мүшесі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Дереккөздер
<references/>