Дубляж
Дубляж(Үлгі:Lang-fr — қосақталу) — кинофильмнің дыбысы екінші бір тілге аударылып, жаңадан жасалған фонограммасы. Дубляжда сөздің естілуі актердің ауыз қимылына, ернінің ашылып-жабылуына үйлесуі және сөз мағынасы түпнұсқадан алшақ кетпеуі шарт. Алдымен дубляж жасаушылар (режиссер, дыбыс операторы, монтаждаушы, аудармашы және сөз мөлшерлеуші) фильмді көріп алады. Сонан соң фильм таспасы 2-ден 10 м-ге дейінгі шамада бірнеше бөлшекке бөлініп кесіледі де, нөмірленіп, бөлшектер желімденеді. Одан кейін аудармашы мен сөз мөлшерлеуші бірлесе отырып, әр бөлшектегі сөздерді аударылған мәтінмен салыстырып, актердің ауыз қимылы мен сөйлемнің ұзын-қысқалығына қарай үйлестіреді. Осылайша аяғына дейін фильмнің сөзі түгел мөлшерленіп болғаннан кейін мәтін аударушы актерге беріліп, жаттықтыру жұмысы жүргізіледі. Әр бөлшектегі сөзге актер әбден машықтанып алған соң дыбыс жазылады. Мұнда актердің әр көріністегі сөздерді еркін, шынайы сөйлеуі мұқият қадағаланады. Фильмнің музыкасы, басқа да дыбыстары жазылған фонограмма киноны шығарушы студиядан дайын күйінде алынады. Жаңаша дыбысталған сөз бен музыка және өзге қосалқы дыбыстар фонограммасы біріктіріліп, қайта жазылады. Бұдан кейін әзір болған фильмді көбейту жұмысы жүргізіледі. Қазақстанда дубляж жасау ісі алғаш 1940 жылы қолға алынып, одан кейінгі жылдары аса қарқынды дамыды.
Қазақ тіліне дубляждалған тұңғыш Голливуд туындысы - "Көліктер-2 (Cars 2) анимациялық фильмі. АҚШ пен Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстан мамандарының қатысуымен дюбляждалған "Көліктер 2" мультфильмінің Қазақстандағы тұсаукесері 2011 жылдың 23 маусымы күні өткізілді. Қазақ тілі - "Көліктер 2" туындысы ресми түрде дубляждалған әлемдегі 39-шы тіл болды. Түркі тілдерінің арасында Голливуд туындылары бұған дейін тек түрік тіліне ғана дубляжданған.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify