Шалқар (радио)
Үлгі:Радио "Шалқар" радиосы, Шалқар ұлттық арнасы — ақпаратты-сазды бағдарлама.
Мазмұны
Тарихы
«Шалқар» ұлттық арнасы 1966 жылдың 1-қаңтарында ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады.
«Шалқар» ұлттық арнасы - республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна. Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 62,04 пайызына тарайды. Ғаламтордағы http://shalkarfm.kz жеке сайты арқылы әлемнің әр түкпірінен тыңдау мүмкіндігі бар.
«Шалқар» радиосының ресми сайты http://shalkarfm.kz 2011 жылғы 18 шілдеден ақпарат таратады. Онлайн трансляция 18 шілдесінен бері эфирде.
«Шалқар» ұлттық арнасының басты мақсаты - қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.
Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна «Бүгінгі әдебиет», «Ағалардың алақаны», «Ғасыр ғибраттары», «Күй-шежіре», «Шалқар» шаңырағында, «Сал домбыра», «Інжу-маржан», «Наридірген», «Терме» сынды хабарларын ұсынып келеді. Алыстан атамекенін аңсап жеткен отандастарымыздың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін «Туыстар-ай» хабары бүгінде тыңдармандардың зор ықыласына ие.
Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған. Сондықтан да «Шалқар» ұлттық арнасы арқылы таралатын музыкалық хабарлардың маңызы зор, көтеретін жүгі ауыр.
Радио 2012 жылы Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Орталықта жоғары деңгейдегі шығармашылықпен жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған. Жетілген сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды.
Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі - редакция болып келген радиоарна 2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылды.
Басшылары
Алғашқы басшысы — Сәркен Оспанов болды. Радиода әр жылдары белгілі журналистер М.Жантикин, Е.Әбдіғапаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, талантты дикторлар С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы жұмыс істеді.
"Шалқар" радиосы 1998 — 99 жылы бюджет тапшылығынан өз жұмысын мүлдем тоқтатты. 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Қазіргі жағдайда республика бойынша 9 облысқа тарайды. "Шалқар" радиосының басты мақсаты қазақ халқының ұлттық-рухани құндылықтарын жан-жақты насихаттау. Осы мақсатта “Өнерім-Өмірім”, “Атадан қалған асыл сөз”, “Жеті ғасыр жырлайды”, “Алтын тамыр”, “Жайдарман”, “Сағыныш сазы”, “Балауса”, тағы басқа бағдарламалар ашқан.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім</ref>
Ұжым
- Болатбек Төлепберген - «Шалқар» радиосының директоры
- Серік Сейітман - «Шалқар» радиосының Бас редакторы
- Темірхан Момбекұлы - Редактор-жүргізуші
- Ғалым Есенсариев - Редактор-жүргізуші
- Рүстем Жүніс - Редактор-жүргізуші
- Жасұлан Базарбеков - Редактор-жүргізуші
- Мұхтар Тұртай - Шолушы
- Қымбат Атағұлова - Редактор-жүргізуші
- Гүлсара Қабланова - Редактор-жүргізуші
- Смағұлова Эльвира Саламатқызы - Редактор-жүргізуші
- Әйгерім Оралбекқызы - Редактор-жүргізуші
- Сыбанқұлова Ләззат - Тиышбекқызы Редактор-жүргізуші
- Гүлнұр Омарханқызы - Редактор-жүргізуші
- Бағдагүл Рахметқызы - Редактор-жүргізуші
- Құтпанбай Бақыт Жағыпарұлы - Редактор
- Кенжебаев Қайсар Тұрмағанбетұлы - Дыбыс режиссері
- Жұмакүлбай Жадыра Серікбекқызы - Редактор-жүргізуші
- Сәрсенғали Жүзбаев - Редактор-жүргізуші
- Тәкежанова Гүлшат Ақатқызы - Редактор-жүргізуші
- Нығметова Мейрамгүл Исатайқызы - Редактор-жүргізуші
- Толқын Сұлтанова - Редактор-жүргізуші
- Айнұр Шамшейтова - Редактор-жүргізуші
- Дария Сағындыққызы - Редактор-жүргізуші
- Нұрмат Мансұров - Редактор
- Қуаныш Кәрімұлы - Редактор-жүргізуші
Аймақтық жиілік
«ШАЛҚАР» ұлттық арнасының хабарлары ҒМ толқындарында (Қазақстан Республикасы) <ref>http://shalkarfm.kz/kz/category/veshanie</ref>
№ рет | Облыстық орталық атауы | Жиілік, МГц |
---|---|---|
1 | Алматы | 106,5 |
2 | Ақтөбе | 105,7 |
3 | Астана | 100,4 |
4 | Үлкен Шаған (Талдықорған қ.) | 101,0 |
5 | Атырау | 102,8 |
6 | Өскемен | 105,6 |
7 | Семей | 104,4 |
8 | Тараз | 102,6 |
9 | Орал | 103,2 |
10 | Қарағанды | 102,3 |
11 | Қызылорда | 101,0 |
12 | Ақтау | 102,1 |
13 | Шымкент | 102,7 |
Бағдарламалары
- «Бесігіңді түзе»
- «Ағалардың алақаны»
- «Ғылым және қоғам»
- «Жақсының жары»
- «Атадан қалған асыл сөз»
- «Жан мейірі»
- «Зиялы қауым»
- «Парыз»
- «Айдында жүзген ай сәуле»
- «Балбұлақ»
- «Жеті ғасыр жырлайды»
- «Күй-шежіре»
- «Ғасыр ғибраттары»
- «Ел суреттері»
- «Біздің елдің жігіттері...»
- «Отырар кітапханасы»
- «Дода»
- «Әлқисса...»
- «Аққулы айдын»
- «Сал домбыра»
- «Қайырлы таң, Қазақ елі!»
- «Назқоңыр»
- «Сазды сәлем»
- «Терме»
- «Жұлдызды түн»
- «Төртінші билік»
- «Жайдарман»
- «Жақсының жары»
- «Денсаулық»
- «Наридірген»
- «Жыр отау»
- «Қасиетті қазақ жері»
- «Депутат сағаты»
- «EXPO.KZ»
- «Шырқа, дауысым!»
- «Кәсіп иесі»
- «Шалқар» сараптамасы
- «Дәстүр»
- «Мәдениет мәйегі»
- «Өнер алаңы»
- «Радиосайыс»
- «Сөйлеу мәдениеті»
- «Әдебиет әлемі»
- «Күміс көмей, жез таңдай»
- «Сахна сыры»
- «Сырғалым»
- «Әлем әдебиеті»
- «Ұшқын»
- «Алаштың Астанасы» <ref>http://shalkarfm.kz/kz/programs/index/programs</ref>
Дереккөздер
<references/>