Қазақ тіліндегі арабизмдер
• Араб түпнұсқасы «әл-батта» (Үлгі:Lang-ar — біржолата, үзілді-кесілді);
• «Қадим» жазуымен;
• «Төте» жазуымен;
• Заманауи жазылуы (Үлгі:Lang-kk әлбетте — әрине, сөзсіз);
Қазақ тіліндегі арабизмдер — қазақ тіліне тікелей араб тілінен немесе парсы, түрік тілдерінің әсер етуімен еніп, қазақ сөз қорының бөлігіне айналған бірліктер. 3000-ға жуық арабизм бүгінгі күні қазақ тілінде кеңінен қолданылады.
Ең алдымен, араб сөздерінің қазақ тіліне кіруінің басталуы қазақтар арасындағы Ислам дінінің таралуымен байланысты. Қазақтар үшін жаңа, таныс емес діни терминдер жергілікті тілдерге аударылмай, қазақша айтылуының ескерілуімен тура қабылданып отырған. Мысалы, «мәсжід» сөзі «мешіт» сөзіне айналыпты. Сондай-ақ, арабизмдердің таралуына араб әліпбиінің негізінде құрылған қазақ жазуы да бірден-бір себеп болды.
ХХ ғасырда атеистік құрылыстың кесірінен қазақтардың діндарлық деңгейі кемігеніне және арабизмдердің сол себепті көбеюіне шектеу қойылғандығына қарамастан, жалпы алғанда арабизмдер әдеби қазақ тілінде де, күнделікті ауыз-екі сөздер арасында да сақталып қалған. Олардың сақталып қалуына бірінші латын, кейіннен кирилл әліпбилерінің КСРО заманында енгізудің өзі зарар келтірмеді. Мәселен, Абай Құнанбайұлының еңбектерінде араб тілінен енген кірме сөздер саны орасан зор болғаны сонша, әзірленбеген қазақ оқырманы кейбір сөздердің мағынасын түсінбеуі де ықтимал. Мұндайды басқа да сол дәуірдің ақындары мен жазушыларының әдебиетінен аңғаруға болады.
Мазмұны
Қазақ тіліндегі арабизмдердің мысалдары
Бұл бөлім жалпы қолданылатын арабизмдер тізімін қамтиды.
Жазумен байланысты
- Кітап (бітік) — китаб
- Қалам — калам (жазатын таяқ)
- Дәптер — дафтар
- Хат — хатт (линия, жазу)
- Мақала — макала
Мемлекет және құқықпен байланысты
- Мемлекет — мамляка
- Үкімет — хукума
- Арыз (өтініш) — аридат
- Отан (атамекен) — уатан
- Әкім — хаким
- Құқық — хукук
- Әділет — ’адаля
Исламмен байланысты
- Дін — дин
- Сауап — саваб (сый)
- Тәубе — тауба
- Жамағат — джама’ат (қауым)
- Мешіт — масджид
- Мұнара — манара
- Хақ және ақиқат — хакк және хакика
- Бісміллә — бисми-Ллах (Алланың атымен)
- Астапыралла — астағфиру-Ллах (Аллаһ өзі кешірсін)
- Бәрекелді — барак-Аллах (Аллаһ разы болсын!)
- Әмин — амин (Аллаһ қабыл етсін)
- Дұға, дуа — ду’а
- Мұқтаж — мухтадж
Уақытпен байланысты
- Уақыт — уакт
- Заман — заман
- Сағат — са’а
- Жұма (бесінші күн) — джуму’а
- Ғасыр (жүз жылдық) — ’аср
Оқу мен ғылыммен байланысты
- Мектеп — мактаб (кеңсе, үстел)
- Тағылым, тәлім — та’лим
- Ғылым, ілім — ’илм
- Мұғалім — му’аллим
- Дәріс — дарс
- Тәжірибе — таджриб
- Ұстаз — устаз
Қосымша әдебиет
- С.С. Кеңесбаева. «Қазақ тіліне арабизмдердің енуіндегі сингармонизм әсері. Тіл мен сөйлеу зерттеуі» — Мәскеу, 1971.
- С.С. Кеңесбаева. «Арабизмдердің қазақ тіліндегі фонотактикалық модельдері» — Алматы: «Наука», 1987.
- Ж.Ж. Есеналиева. «Абай туындыларындағы арабизмдер мен фарсизмдердің қолданылу ерекшеліктері» — 1993.
- Г.Ж. Бүркітбай. «Қазақ түсіндірме сөздіктеріндегі арабизмдердің лексикографиялық сипаттамалары» — 2003.
- Г.А. Досжан. «Қазақ тілінің дамуы мен жалпы түркілік терминология» — ЕҰУ.