Османлы түрік тілі
Османлы тілі (Үлгі:Lang-ota3) — Ұлы Османлы Мемлекетінің әкімшілік және әдеби тілі ретінде қолданылған тіл. Оның құрамында араб және парсы тілдерінен енген кірме сөздердің саны өте қомақты. Соның салдарынан османлы тілі елдің білім деңгейі төменірек азаматтарына онша түсінікті болмады. Алайда біртіндеп түрік сөйлеу тілі османлы түрікшесінің қатты ықпалына шалдықты.
Мазмұны
Құрылымы
Османлы тіліндегі арабшадан енген сөздер оған тікелей арабшадан емес, парсы тілі арқылы енгені сол сөздердің фонологиялық қасиеттерінен көрінеді. Яғни араб сөздерін көптеп сіңірген парсы тілі түркі тайпаларының түркі тіліне олар солтүстік-шығыс Иранда көшіп жүрген кезінде, олардың батысқа, қазіргі Анатолия түбегіне қарай көшуінен бұрынғы кезеңде әсер еткен. Араб тілімен қатынастары азырақ түркі тілдерінде, мысалы татар тіліндегі араб сөздерінде парсы фонетикасының ықпалы байқалатындығы осының тағы бір дәлелі бола алады.
Әлеуметтік және прагматикалық мағынада османлы түрікшесін мына үш түрге бөлуге болады:
- Fasih Türkçe (әдеби түрікше): әкімшілік пен поэзия тілі.
- Orta Türkçe (орта түрікше): жоғарғы таптар мен сауда-саттықтың тілі.
- Kaba Türkçe (қарапайым түрікше): төменгі таптардың тілі.
Түрік тілін қолданушы осы варианттардың әрқайсысын түрлі мақсаттарда қолданылатын. Мысалы, хатшы болып істейтін адам ресми құжат жазғанда бал деген ұғымды білдіру үшін арабтың asel (عسل) сөзін қолданатын да, сол балды базарда сатып алғанда түріктің bal сөзін қолданатын.
Тарихы
Османлы тілінің тарихын үш кезеңге бөлуге болады
- Eski Osmanlı Türkçesi (Ескі османлы түрікшесі): XVI ғасырға дейін қолданылған. Ол салжұқтар және Анадолы түрік бейліктері қолданған түрік тіліне өте жақын. Оларды біріктіріп кейде Eski Anadolu Türkçesi (Ескі Анадолы түрікшесі) деп атайды.
- Orta Osmanlı Türkçesi (Орта османлы түрікшесі) немесе Klasik Osmanlıca (Классикалық османлыша): XVI ғасырдан бастап Танзимат жаңартуларына дейін қолданыста болған әдебиет және әкімшілік тілі. Османлы тілі дегенде көпшілік жағдайда осы кезеңнің тілі туралы сөз болады.
- Yeni Osmanlı Türkçesi (Жаңа османлы түрікшесі): мерзімді баспа және батысшыл әдебиеттің ықпалымен 1850 жылдан бастап XX ғасырға дейін қалыптасты.
Тіл жаңартпасы
Ұлы Османлы Мемлекеті Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін құлағаннан кейін және Түрік Республикасы орнағаннан кейін 1928 жылы тіл жаңартпасы жүргізіліп, тілдегі көптеген араб және парсы кірме сөздері түрік баламаларымен алмастырылды. Араб әліпбиінің орнына толықтырылған латын әліпбиі енгізілді. Бұл реформа Мұстафа Кемал Ататүрік жүргізген жаңартулардың бір бөлігі болатын. Бұл өзгерістердің басты мақсаты — әдеби түрік тілінің ауызекі тілге жақынырақ түрін қалыптастырып, Түркияның Ұлы Османлы Мемлекетінің орнына пайда болған ұлттық мемлекет ретіндегі сана-сезімін баянды ету болды.
Төменде түрік тіліндегі алмастырылған сөздердің тізімінен алынған үш мысал келтірілген. Османлы түрікшесіндегі үш парсы сөзінің қазіргі түрікшеде қандай сөздермен алмастырылғаны көрсетілген:
Қазақша | Османлыша | Қазіргі түрікше |
---|---|---|
уәзипа | Үлгі:Lang vâcib | zorunlu |
мүшкіл | Үлгі:Lang müşkül | güçlük, zorluk |
шаһар | Үлгі:Lang şehir | şehir |
Тарихи ықпалы
Тарихи тұрғыдан алғанда, османлы түрікшесін қазіргі түрік тілінің ізашары деп атау дұрыс емес. Керісінше, қазіргі түрік тілін латын әліпбиімен жазылатын, көптеген неологизмдер енгізілген «жаңа османлы түрікшесі» деп атауға болады. Османлы түрікшесі мен қазіргі түрік тіліндегі ең басты айырмашылық — қазіргі тілде араб және парсы тілдерінің ережелері бойынша құрама сөздер жасалмайды. Ондай сөздер тілде әлі де бар, бірақ олардың қолданылу аясы шектеулі; тек ғылыми, философиялық немесе діни контекстерде ғана қолданылады. Мысалы сөзбе-сөз аударғанда «құдайлық тағдыр» дегенді, ал мағынасы «құдайдың жазмышы» дегенді білдіретін takdîr-i ilâhî деген изафет құрылымы қазір де қолданылады. Егер осы сөз тіркесін қазіргі түрік тілінің ережелерімен құрастырғанда, ол ilâhî takdîr («құдайлық жазмыш») деген түрде болар еді.
Әліпби
Үлгі:Main Османлы түрікшесі негізінен Османлы түрік тілінің әліпбиімен (الفبا elifbâ) жазылатын. Ол әліпби парсы әліпбиінің ықпалына ұшыраған араб әліпбиінің бір түрі болатын. Бірақ османлы түрікшесінің армен жазуымен жазылған кездері де болған: мысалы, Османлы империясында жазылған алғашқы роман «Акаби романын» 1851 жылы Вартан паша армен әріптерімен жазған. Сол сияқты, I Әбділмәжит кезінде османлының теңгесін соғумен айналысқан армен ұлтынан шыққан Дүзұлылар әулеті өз жазбаларын османлы түрікшесінде, бірақ әрмен әліпбиімен жүргізген. Басқа жазу жүйелері де қолданылған, мысалы грек әліпбиін, еврей әліпбиінің Раши хатын мұсылман-емес топтар қолданған, себебі араб әліпбиі Ислам дінімен байланысты болған. Керісінше жағдайлар да болған. Мысалы, грекше сөйлейтін мұсылмандар османлы түрік әліпбиін қолданып, грек тілінде жаза алатын болған.
1gef әрпінің дұрыс түрінде ﻙ-ның кіші кафы және گ-ның қосарланған сызығы болуы тиіс. Қазіргі қаріптерде сирек кехздеседі.
Османлы түрік тілін үйрену мүмкіндіктері осында тізіп жатуға тым көп. Мұнда солардың ең бастылары келтірілген.
Османлы түрік тілін үйрену мүмкіндіктері
Бүгіндері дүние жүзінде Османлы түрік әдебиетінің мыңдаған курстары ұсынылады. Тарихи маңызы зор классикалық тіл ретінде османылы түрікшесін Түркияның жалғыз өзінде отыз мыңнан астам студент зерттеуде [1].
Түркия университеттеріндегі курстар
- Erciyes Üniversitesi http://fef.erciyes.edu.tr/pxp/posts/tar-141-osmanlica-i702.php Әдебиет факультеті — курстың мазмұны және кестесі.
- Sabanci University
— Бастауыш және орташа деңгейдегі үйренушілерге арналған османлы түрікшесі - Bogazci Universiti
— Ерте кезеңнен бастап 19-шы ғасырға дейінгі түрлі тақырыптардағы мәтіндерді зерттеу - Beykent University
— Османлы түрік тілі бойынша курс туралы - Eastern Mediterranean University
— Османлы түрік тілі мен жазуы - Baskent University
— Османлы түрік тілі мен диуан әдебиеті. - Mersin University Түрік тілі мен әдебиетінің факультеті.
- İstanbul University Тарих
- Kastamonu University Түрікше үйретуші (Türkçe öğretmenliği)
- Doğu Akdeniz Üniversitesi Түрікше үйретуші (Türkçe öğretmenliği)
- Uluslararası Kıbrıs Üniversitesi Түрік әдебиеті (Türk Dili ve Edebiyatı)
- Selçuk Üniversitesi Әдебиет үйретушісі (Edebiyat Öğretmenliği)
- Yakın Doğu Üniversitesi Тарих үйретушісі (Tarih Öğretmenliği)
- Trakya Üniversitesi Өнер тарихы
- Yeditepe University Тарих
- Lefke Avrupa Üniversitesi Тарих
- Abant İzzet Baysal University Тарих
Ғаламтордағы курстар
Ғаламтордағы османлы түрік ресурстары
Османлы-түрік сөздіктері мен құралдары
Тағы қараңыз
Әдебиеттер
- Lewis, Geoffrey. «The Turkish Language Reform: A Catastrophic Success».
Түсініктемелер
Сыртқы сілтемелер
- http://www.osmanlimedeniyeti.com Османлы түрік мәтіндерінің жинағы