ҚазАқпарат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}ҚазАқпарат (Қазақ Ақпарат' ұлттық агенттігі; ҚазТАГ (ҚазААГ)) — 1920 жылы құрылған бұқаралық ақпарат құралдарына қызмет көрсетуге маманданған ақпараттық орган.

Тарихы

  • 1920 жылы 13 тамызда РОСТА-ның (Ресей телеграф агенттігі) Орынбор - Торғай бөлімшесі деп аталатын қазақ жаңалықтарының алғашқы агенттігі құрылды.
  • 1925 жылы — ҚазРЕСТ деп қайта аталды.
  • 1937 жылы — ҚазТАГ деген атаумен Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесіне берілді.
  • 1991 жылы ҚазТАГ қазақ мемлекеттік мәртебесін иеленді.
  • 1997 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің № 3625 Жарлығымен ҚазААГ республикалық ақпарат агенттігі деп қайта аталған.<ref>"Қазақ энциклопедиясы",5 том</ref>
  • 2002 жылы 8 қарашада ҚР Үкіметінің № 1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ базасында «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы — «ҚАЗАҚПАРАТ» ҰҚ құрылған.
  • 2002 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің республикалық қазыналық кәсіпорны “Қазақ ақпарат агенттігі” (ҚазААГ) негізінде құрылды. Ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестікке қабілетін артырып, дамыту, қазіргі менеджмент пен маркетинг негізінде инвестиция тарту мақсатымен құрылған Қазақпаратқа елдің саяси, экономикалық және мәдени өмірі көріністерінен сапалы талдау жасалған жедел ақпарат әзірлеп таратып отыру міндеті жүктелген. Қазақпарат жоғарғы билік буындарындағы тағайындаулар мен өзгерістер, президент жарлықтары мен үкімет қаулылары жөнінде мейлінше дәл ресми ақпарат береді, республиканың барлық облыстарының экономикалық, мәдени ең соңғы жаңалықтарын ұсынады. Қазақстан, Орталық Азия, Еуразия экономикалық қауымдастық, ТМД және Балтық жағалауы елдері жаңалықтары қазақ, орыс тілдерінде, Қазақстан мен Орталық Азия жаңалықтары ағылшын тілінде жедел таратылып тұрады. Агенттіктің электронды таспаларын жаздырып алушылар саны 150-ден асады. Ол ақпарат агенттіктерінің 5 халықаралық ассоциациясына мүше (Азия және Тынық мұхит елдерінің, ТМД елдерінің, түркі тілдес елдердің, экономикалық ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің, Каспий маңы мемлекеттерінің), 12 шетелдік ақпарат агенттігімен тікелей байланыс орнатқан. Шет елде (Пекинде) өз тілшілерінің қосыны бар.

80 жылдық тарихы бар ҚазААГ (бұрын ҚазТАГ) алғашқы жұмысын 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор бөлімшесі ретінде бастады. Ол осы уақытта Қазақстан өмірінде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен еңбекшілердің игілікті істері, одақ, республика көлеміндегі барлық елеулі оқиғалар жөнінде ақпараттар беріп отырды. Елдің санасын оятуға, оны сауаттандыру ісіне өзіндік зор үлес қосып, насихатшы және үгітші бола білді. Кейін ТАСС-тың өзгертілуіне орай бірнеше мәрте атауын өзгертті. 1) 1920 – 37 жылдары бұл кезде РОСТА-ның Орынбор – Торғай бөлімшесі, КирРОСТА [РОСТА-ның қырғыз (қазақ) бөлімшесі], ҚазТАСС (ТАСС-тың қазақ бөлімшесі) болып құрылған; хабар телеграф, пошта арқылы таратылды; 2) 1937 – 90 жылдары: бұл кезеңде ҚазТАГ (ҚазКСР Министрлігі Кеңесі жанындағы телеграф агенттігі) болып қайта құрылып, оған ҚазКСР Министрлігі кеңесі мемлекеттік к-тінің құқығы берілді.

  • 2008 жыл – «Қазақ ақпараттық агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамына енді.
  • 2011 жыл – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 қаулысына сәйкес «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы таратылып, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамына біріктірілді.
  • 2013 жыл – «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы Басқармасының шешімі негізінде 16 қазанда «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелді.
  • 2014 жыл – 6 қаңтарда «ҚАЗАҚПАРАТ» халықаралық ақпараттық агенттігі өз қызметін бастады.

Компания туралы

Компанияның міндеті еліміздің ішкі және сыртқы саясатын ақпараттық қамтамасыз етуді, сондай-ақ әлемдік ақпараттық кеңістікте Қазақстанның оң беделін қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады.

Компанияның қызметі өз қызметін ақпараттық қызмет көрсету нарығында 85 жылдан астам жүзеге асырған және республикадағы жалғыз мемлекеттік ақпараттық агенттік болып табылған бұрынғы ҚазААГ (бұрынғы ҚазТАГ) жұмысын жалғастыруға және дамытуға бағытталған.

ҚазТАГ-ҚазААГ-тың заңды мұрагері болып табылатын Компания өз қызметінің негізгі профилін сақтап қалды. Еліміздің аумағында жұмыс істейтін ақпараттық агенттіктер арасында Компанияның республиканың барлық аймағында Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде болып жатқан оқиғалар туралы жедел және объективті ақпаратты жоғары кәсіби деңгейде ұсынуға мүмкіндік беретін корреспонденттік пунктерінің тармақталған жүйесі бар. Нью-Йоркте, Брюссельде, Мәскеуде, Пекинде, Ташкентте, Бішкекте шетелдік меншікті тілшілер бөлімі бар.

Халықаралық ынтымақтастық

ҚазАқпарат- АТААҰ ақпарат агенттіктері халықаралық қауымдастығының мүшесі (Азия мен Тынық мұхит елдерінің Ақпараттық Ұйымдары); Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары — Мемлекеттердің ұлттық ақпарат агенттіктерінің қауымдастығының мүшесі (МҰАҚ), түркі тілдес елдердің ақпарат агенттіктері ұйымының (ТААҰ), ТҮРКСОЙ мәдениет және өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі.

ҚазАқпарат — ИТАР-ТАСС, РИА-Новости, КАБАР, БелТА, УкрИнформ және т.б ірі ақпарат агенттіктерінің серіктесі.

Дереккөздер

<references/>