Қазақпарат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін

ҚАЗАҚПАРАТ - Халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпараттық агенттік.

Медиа-агенттік 90 жылдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның өзге де тыныс тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып келеді. ҚазАқпарат арқылы Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, өңірлік билік органдары, ұлттық қаржылық және өндірістік құрылымдардың қызметі жөнінде ресми хабар таратылады. Агенттік қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратады. Кириллицаны оқи алмайтын шетелде тұратын қандастарымыз үшін қазақша жаңалықтар латын графикасы мен арабша төте жазуға аударылады. Жақын арада порталдың қытай және испан тілдеріндегі нұсқасын іске қосу көзделген. Агенттіктің орталық кеңсесі Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан. Елдің қаржылық және мәдени орталығы Алматыда оның филиалы – тілшілер бюросы бар. ҚазАқпаратта өзге отандық ақпараттық агенттіктерде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Оның ішіне Байқоңыр да кіреді. Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді. Болашақта АҚШ, Испания, Оңтүстік Корея, Германия, Израиль, Бразилия және Үндістанға тілшілер жіберу жоспарланған. Бүгінде қазақстандық жаңалық тарататын интернет-ресурстар арасында ҚазАқпарат Үздік ондықтың қатарында. www.inform.kz порталын пайдаланушылардың географиясы 197 елді қамтиды. Журналистика саласының үздік дәстүрінің сақталуы, сапалы контент өндіру, технологиялық базаны жақсарту және кәсіби топтың реттелген жұмысы агенттік қызметінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуіне сеп болды. ҚазАқпарат ұжымы - бұл белгілі теле- және радиожурналистер, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаттары, халықаралық және аймақтық конкурстардың жеңімпаздары, құрмет атақтары мен сыйлықтарының иегерлері.

Серіктестер

ҚазАқпарат - OAНA Халықаралық ақпараттық агенттіктер қауымдастығының (Тынық мұхиты және Азия елдері ақпараттық агенттіктерінің ұйымы), ТМД елдеріндегі ұлттық ақпараттық агенттіктердің қауымдастығының (ҰААҚ), Түркі тілдес елдердегі ақпараттық агенттіктер ұйымының (ТКА), ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының, орыс баспасөзінің бүкіләлемдік қауымдастығының мүшесі. Медиа-агенттіктің серіктестері - ИТАР-ТАСС, КАБАР, БелТА, УкрИнформ, «НОВОСТИ - МОЛДОВА» ақпараттық агенттігі, MOLDPRES, Armenpress, АzәrTAc, Yonhap, EFE, БТА және т.б.

Тарих беттері

1920 жыл - Алғашқы қазақстандық ақпараттық агенттіктің «РОСТА»-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды.

1925 жыл - Агенттік атауының ҚазРОСТ болып өзгерді.

1937 жыл - ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді.

1997 жыл - «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2002 жыл - ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды.

2008 жыл - «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді.