Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы
Үлгі:Infobox Organization -{TÜRKSOY}- (Үлгі:Lang-tr, ТҮРКСОЙ) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.
1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.
Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі — түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.
1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған.
Мақсаттары
Ұйымның басты мақсаттары:
- Халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау.
- Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу.
- Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру.
- Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту.
- Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау.
Мүшелер
ТЮРКСОЙ құрамына 14 ел кіреді, оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар. 2015 жылдың соңында Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский Алтай, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тыва және Хакасия Республикаларының басшыларына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен байланыстарды тоқтату міндеті туралы телеграмма жолдады. Бұл Башқұртстан, Тыва, Алтай, Хакасия және Якутияның ұйым құрамынан шығуына әкеп соқтырды.
Мүше елдер (құрылтайшылар):
- Әзірбайжан Республикасы
- Қазақстан Республикасы
- Қырғыз Республикасы
- Өзбекстан Республикасы
- Түркия Республикасы
- Түрікменстан
Қараушы елдер (кейіннен қосылғандар):
- Гәгәузия (Гагауз Йери)
- Солтүстік Кипр Түрік Республикасы
- Татарстан Республикасы