Ғалия Ысмайылқызы Бөрібаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғалия Ысмайылқызы Бөрібаева 1950 жылы 17 қаңтарда Жамбыл қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Бөрібаев Ысмайыл. Анасы - Күлбаева Роза. А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін (1970) балет әртісі мамандығы бойынша; Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының хореография факультетін (1975) хореограф мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сценография факультетін (2004) қоюшы суретші мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1970-1992 жылдары - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке балет орындаушысы (Алматы). 1998 жылдан - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының балетмейстері (Алматы). 2002 жылдан - К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балетмейстері. 2005 жылдан - Қарағанды музыкалық комедия театрының бас балетмейстері. 2008-2010 жылдары- Астана балет компаниясының бас балетмейстері. 2008 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы Үлттық опера және балет театры балет труппасының меңгерушісі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Ш. де Голль. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы тұрақты, дамыған демократиялық қоғам. Қазақстандағы жоғары тіршілік деңгейі». Хоббиі - кітап оқу, кино. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық, қазақ әдебиеті, тарих; М. Әуезов. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Нұрқалиев Тұрсынбек Әбдібайұлы (1951 жылы туған), К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының бас балетмейстері. Қызы - Нұрқалиева Жәмиля Тұрсынбекқызы (1978 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub