Балетмейстер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балетмейстер (нем. balletmeіster — білгір, шебер) — балет, опера, оперетта, кинофильмдердегі, әртүрлі шоулардағы би нөмірлерінің авторы және қоюшысы. Балетмейстер музыка мен қозғалысты пайдалана отырып, айқын хореографиялық бейнелер құрады. Балетмейстер безендіруші - суретшімен, композитормен, дирижермен, сценарий авторымен, концертмейстермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Балетмейстер-қоюшыдан басқа Балетмейстер-репетитор мамандығы бар. Ол бұрынғы қойылымдарды жаңартады, Балетмейстер-қоюшының шығарған хореографиясына жаттықтырады. Қазақстанның алғашқы балетмейстерлері — А.А. Александров, Ш. Жиенқұлова, Д. Әбіров. Қазақстанда 1994 жылдан Қазақ театр және кино институтында Балетмейстерлер дайындайтын бөлім жұмыс істейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балетмейстер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}