Ғазауат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғазауат<ref>Булутай М. Ата-баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? - А,, 2000</ref> - араб, жорық, шабуыл - дін жолындағы қасиетті соғыс. Мұхаммед пайғамбар бастаған мұсылмандар <ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref> Медине қаласына қоныс аударғаннан кейін (622) өздерін және жаңа қалыптасқан жас ислам қоғамын қауіп-қатерден қорғау үшін меккелік мүшриктер мен иахудилерге қарсы жүргізілген соғыстары ғазауат деп аталды. Ғазауат соғыстарының негізгілері мыналар: Бәдір (624), ¥хүд (625), Азхаб (627), Бәни Мұсталық (627), Хайбар, Мүте (629), Хүнайн-Әутас (630), Таиф (630) және Тебүқ (630) шайқастары. Бұл ұрыстарда мұсылмандар жағынан 139, ал олардың қарсыластары жағынан 112 адам, барлығы 251 адам қаза болған. Ақыры мұсылмандар Мекке қаласын 630 жылы қаңтар айында азат етеді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>Ғазауат соғыстары пайғамбар бастаған мұсылмандардың жеңілген қарсыластары мен қолға түскен түтқындарға жасаған асқан кеңшіліктерімен, кешірімдерімен де әйгілі. Сондай-ақ мұсылмандардың осы кезеңдердегі Византияны, Сасани әулеті мемлекетін және Таң патшалығын тізе бүктірген соғыстары да ислам елдерінде Ғазауат деген жалпы атаумен аталады.<ref>Осман Кескіоглу. Соңгы пайғамбар хазірет Мухаммедтің өмірбаяны. - Анкара, 1997</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub