Дүниежүзілік банк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:World Bank building at Washington.jpg
Вашингтондағы штаб-пәтері
Сурет:WhiteandKeynes.jpg
Джон Мейнард Кейнс , Великобритания және Гарри Декстер Уайт (Harry Dexter White), АҚШ

Дүниежүзілік банк — [World Bank] — Бүкіләлемдік банк тобы, Әлемдік банк, Халықаралық қайта құру мен даму банкі [МБРР; International Bank for Reconstruction and Development, IBRD] — даму процесіне жәрдемдесетін аса ірі әлемдік үйымдардың бірі. 1945 жылы қүрылып, қүрамында 154 мемлекет болған. 2004 ж. Бүкіләлемдік банктер тобы мүшелерінің саны 184 мемлекетке жетті. Банктің негізгі мақсаты мүше елдердің экономикасын қайта құру мен дамытуға, өндірістік мақсаттарға капитал қүю арқылы көмектесу. Сонымен, Бүкіләлемдік банк - дамушы және өтпелі экономикасы бар елдер үшін әлемдік ірі қаржы қорының және білімнің көзі. Бүкіләлемдік банк өзінің қаржы қорын, қызметкерлерін және бай тәжірибелерін әр елдегі кедейшілікпен күресте, экономикалық өсімді және өмір сүру сапасын көтеру үшін пайдаланады. 2002 жылы Бүкіләлемдік банк клиент-елдерге 19,5 млрд. долл. қарыз берген. Ол 100-ден аса дамушы елдердегі кедейшілікпен күреске баса көңіл бөліп, жәрдем береді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дүниежүзілік банк - БҰҰ жүйесіндегі бірнеше халықаралық қаржы ұйымдарынан тұратын топ. Оған Дүниежүзінің қайта құру және даму банкі (ДҚҚДБ), Даму жөніндегі халықаралық ассоциация, Инвестициялық кепілдік бойынша халықараралық агенттік, Инвестициялық қайшылықтарды реттеудің халықаралық орта және Халықаралық қаржы корпорациясы кіреді. Штаб-пәтері — Вашингтон қаласында орналасқан. Банктың қызмет түрлеріне әр түрлі мемлекеттерде экономика реформаларды жүргізуге көмектесу, нарық бәсекелестігін дамыту, кәсіпорын және қаржы секторларын реформалау, әлеуметтік қорғау жүйесін орнықтыру, айналадағы ортаны қорғау, экономиканың әр түрлі салаларының жұмысын жақсарту, т.б. жатады. Қазақстан Республикасы Дүниежүзлік банкке 1993 жылдан мүше.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер