Кітапхана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.

  • Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.
  • Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref> Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді.<ref name="source1">“Балалар Энциклопедиясы”, V-том</ref>

Кітапхана ісін жоспарлау

Кітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін басқарудың кұрамды бөлігі - белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды жүзеге асырудың құралдары мен даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау.

Кітапхана ресурстарын жоспарлау

Кітапхана ресурстарын жоспарлау - белгілі мерзімге кітапхана ресурстары дамуының тенденциясы мен болашағын анықтауда аймақтың (мекеменің) тұрғындарының белгілі қажеттерін зерттеу арқылы жүзеге асатын жоспарлау.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>