Ультранегізді жыныстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ультранегізді (өте негізді) жыныстарға кремний тотығы 45%-тен аз болатын, күңгірт бояулы жыныстар кіреді. Олардың негізді тереңдік (интрузивтік) өкілі — перидотиттер, пироксениттер, сиректе болса дуниттер және онан да сирегірек олардың төгілмелі (эффузивтік) түрлері (ұқсастары).

Перидотиттер

Сурет:Per.jpg
Перидотиттер

Оливинге қанық орта түйіршікті, сары жасыл түсті боладң. Онда оливиннен басқа , жартысы ірі жапырақ ты түйіршіктер түрінде пайда болған пироксен шашырандысы болады. Уралда тараған перидотиттер өте күңгірт, қара түсті дерлік келеді. Перидотиттер өте сирек кездеседі. Көбінесе олар серпентинге ауысады. Серпентинизацияның жанама минералдары — көбінесе хлорит, магнезит, лимонит, никельді кен минералы және басқа минералдар. Серпентиниттер ультранегізді жыныстардың, ең алдымен дүниттің, перидотиттердің, көмірқышқыл газы бар табиғи сулардың әсерінен тереңдік метаморфизмнен шығады. Серпентиниттер жасыл түстің әр түрлі рещгілеріне, олив сияқ ты жасылдан күңгірт жасылға және қара дерлінке дейін боялған және оның структурасы тығыз болады. Серпентиниттің бетінде қиғаш сызықты жарықтары бар. Ол жарықтарға тальктің, магнезиттің және асбестің желілері орналасады. Уралдағы серпентиниттердің арасында талшықты асбестің сансыз көп желілері толған жерлер кездеседі. Асбестің химиялық құрамы серпентиндікі сияқты болады. Оның құрылысы тек талшықты келеді. Сол себепті оны таскендір деп атайды. Хризотил — асбестің осындай ірі (дүние жүзілік маңызы бар) кендері. Ол Оралдағы Свердловск қаласының қасында, Асбест тауында кездеседі. Оливинді жыныстардың—перидотиттер мен дуниттердің Уралда ірі массивтері кездеседі. Көбінесе олар қатты серпентинитке айналған. Солтүстік және Орта Оралда бұл жыныстарға платинаның және хромды теміртастың кендері байланысты болады. Оңтүстік Уралда хромит болғанымен, платина жоқ . Серпентиниттерде никельді кендер, серпентин-асбестің ірі кендері, ішінде никель және хром бар (Оңтүстік Оралдағы Орск-Халиловск ауданында) қоңыр темірдіц ірі кендері, тальктың және магнезиттің кендері байланыса келеді.

Пироксениттер

Сурет:B43731.jpg
Пироксенит

Бұл жыныстың аты оның минералдық құрамын көрсетеді. Олар — күңғірт, пироксендерден тұратын аса ірі түйіршікті жыныстар. Бұдан баоқ а оларда азғана мөлшерде оливин болады. Уралда пироксениттер қара түске боялған және аса ірі түйіршікті, кішкене массивтер қ ұрайды және олар оливинді жыныстардың (периодиттердің және дуниттердің) айнала жиегінде жиі кездеседі. Кейде пироксениттерге никельді сульфидтің ірі кендері байланысты болады.

Дуниттер

Бұл Дун тауының атымен аталған (Жаңа Зеландия). Дуниттер — негізінде оливиннен және серпентиннен (оливиннің бұзылудан пайда болған заты) тұратын орта түйіршікті немесе уақ түйіршікті тау жыныстары. Дуниттерде аздап хромит, магнетит және платина болады. Оның түсі күңгірт жасылдан қараға немесе сарғыш жасылға дейін өзгереді. Дуниттер тереңдік жағдайларда, ультранегізді магмалардың жай кристалдану арқасында пайда болады. Оливинге бай, ультранегізді магмалық жыныстар көмір қышқылды сулардың әсерінен түрлі химиялық өзгеріске ұшырап, серпентин (змеевик), асбест, хлорит және бірқатар басқа минералдар пайда болады. КСРО-да осы көрсетілген ультранегізді магмалық жыныстар Оралда кең тараған.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}