Оливин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оливин (лат. olіva – зәйтүн), перидот, хризолит – силикаттар класының оқшауланған тетраэдрлі типіне жататын минерал. Химиялық формуласы (Mg, Fe)2[SіO4]. Оливин ромбылық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары жапырақ не призма, ал минералдық агрегаттары түйірлі масса түрінде болады. Түсі сарғылт жасыл, кейде түссіз. Шыныша жылтырайды, қаттылығы 6,5 – 7, тығыздығы 3,2 – 4,4 г/см3. Жаратылысы магмалық. Оливин негізді, ультранегізді жыныстарды (дунит, перидотит, оливинді габбро, диабаз, базальт, т.б.) құрайтын, табиғатта кең тараған минерал. Кендері Солтүстік және Орта Оралда, т.б. жерлерде кездеседі. Оливин химиялық өнеркәсіпте, құрылыста отқа төзімді материал ретінде қолданылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том</ref>

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оливин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}