Хромит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хромит, хромитті теміртас — тотықтар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: FeCr2O4. Қатты Моос шкаласы бойынша 4,5 — 5,5, тығыздығы 4,5 — 5 грамм/куб сантиметр.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Кубтық сингонияда кристалданады, жіктілігі нашар, түсі қара, сызығы сарғыш қоңыр, магниттік қасиеті бар. Хромит магманың бөлшектеніп жіктелу барысында пайда болып, кейде өте негізді тау жыныстарының (перидотит, дунит) арасында кездеседі. Оны феррохром, бояу, отқа төзімді кірпіш алуда қолданады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Жаратылысы

Ол магманың бөлшектеніп жіктелу барысында пайда болады. Хромит көбінесе жалбыраған ұя тәрізді, линза тәрізді және бағана тәрізді формалар түрінде кездеседі. Кейде шашыранды түрде аса негізді жыныстардың (перидотиттердің, дуниттердің) арасында кездеседі.

Табиғи өзгеру зонасында хромит химиялық берік минерал болып табылады. Ол тек ыстық климат жағдайларында ғана тотықтанып бұзылады.

Хромит минералы феррохром алу үшін қолданылады. Феррохромдан жоғары сапалы хромды және хромникельді болат алады. Металдарды тот баспас үшін оларға хром жалатады. Хромитті химия өнеркәсібінде жоғары сапалы бояу алу үшін, отқа төзімді кірпіш жасау үшін де қолданады.

Хром кені КСРО-да Уралда (негізді жыныс арасында), Қазақстанда (Ақтөбе облысында) кездеседі.

Шет елдегі кені оңтүстік-шығыс Африкада (Родезия кені), Түркияда, Куба аралында бар.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}