Түпкі түзілімдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түпкі түзілімдер. Мейілінше қалың шөгінді кешенді төсей отырып, шөгінденудің жаңа сатысының бастамасы болып табылатын түзілімдер.

Түпкі түзілімдер ауқымды түзілімдену алқабының құрылымдық болмысы көлемі өзгерістерге ұшырауына байланысты шөгіндену процесіндегі үзілістің нәтижесі болып табылатын өте ірі үйлесімсіздік жазықтығының бетін көрсетеді. Түпкі түзілімдер жақа түзілімдену алқабының қалыптасу процесін анықтайды,сондықтан олар екі бөліктен тұратын шөгінділер қимасымен сипатталады. Аталған қиманың төменгі бөлігі жақа қалыптасқан шөгінді алаптың күрт жекелену дәуірін белгілейді, бұл дәуір шөгінденудегі үзіліс кезінде қалыптасқан алап топографиясы мен сол алап ауқымындағы түзілімдену процестері арасында тепе-теңдіктің болмауымен сипатталады.

Түпкі түзілімдер қимасының төменгі бөліктері қалыңдығы шағын және мейілінше өзгермелі (ондаған, сирегірек жүздеген метр) болып келетін түйіршікті, көбінесе территекті қабатттардан тұрады. Түпкі түзілімдердің жоғарғы бөлігі түзілімдену алабының толығымен жекеленуімен, сөйтіп алап топографиясы мен ондағы шөгіндену арасында тепе-теңдік орнауымен сипаталады. Қиманың бұл бөлігі әдетте құрамы мен қалыңдылығы біршама тұрақты болып келетін ізбестасты және сазды-ізбестасты жыныстардан тұрады. Түпкі түзілімдер қимасының төменгі бөлігі көбінесе сақталмайды, бұл жағдайда үйлесімсіздік жазықтығын оның жоғарғы бөлігі, яғни негізінен ізбестасты жыныстар көмкеретін болады, бұл жағдай аталған үйлесімсіздікті одан әрі айшықтай түседі. Түпкі түзілімдердің мұнай және газ кіріктіруін қадағалауда негізінен литологиялық фактор жетекші роль атқарады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Түпкі түзілімдер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}