Шөгінді алап

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түзілімдер түрінде қалыптасып, кейінірек шөгінді таужыныстар бірлестігінің ірі линзасы түрінде көрініс беретін литосфера бетінің ауқымды аймағы. Қалыптасу орны мен тектоникалық типі тұрғысынан ортақ белгілермен сипатталады. Шөгінді алаптың алғашқы шекарасы түзілімдену алабы шекарасына сәйкес келеді, бірақ әдетте кейінірек өтетін тектоникалық процестер нәтижесінде аталған шекара тарыла түседі. Шөгінді алап жер қыртысының нақтылы аумағы бірте-бірте ойысуы нәтижесінде қалыптасады. Шөгінді алап ауқымында түзілген шөгінділер нақтылы фация түрінде дараланады. Мәселен, олар саязсулы теңіздік, жағалаулық-теңіздік, лагуналық, континенттік фациялар түрінде даралануы ықтимал.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}