Топография
Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Әскери істегі Топография – тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық сьемкалар қолданылады.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Топографиялық сипаттама
Топографиялық сипаттама — бөгеннің негізгі топографиялық сипаттамалары ретінде айдын ауданы мен көлемінің тежелу деңгейі араларын байланыстыратын қисық сызықтар немесе бұл сипаттамаларды анықтау үшін жергілікті жердің горизонталды планы түріндегі болашақ су басатын ауданның ірі масштабтағы планды-биіктігі бейнелетін түсірулер. Ұсақ масштабты түсірулер арқылы алынған топографиялық сипаттамалар шамалап алынған деп есептеліп, көп жағдайларда жобалаудың тек алдыңғы сатыларында ғана пайдаланылуы мүмкін. Ол кейіннен ірі масштабты түсірулер арқылы дәлірек анықталатын болады. Бөген айдынының ауданын анықтау — деңгейдің әр түрлі жағдайларындағы аудандардың түсіру пландарында планиметриялау арқылы жүргізіледі. Айдын аудандарының деңгей белгілерімен байланысын анықтау (сызу) үшін планиметрияны барлық горизонтальдар ауқымында (ең төмеітті деңгей, яғни түбінен ең жоғарғы деңгей — тежелген суға дейінгі аралықта) жүргізу қажет.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>