Тастөбе Қорғаны
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тастөбе Қорғаны– б.з.б. 3 – 2 ғ-лар ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы. Ақшолақ бекетінен оңт-ке қарай 5,5 км жерде орналасқан. 1940 ж. Г.И. Пацевич, 1946 – 48 ж. Н.Ф. Федин зерттеген. Сыртқы көрінісі төрт бұрышты, аумағы 45 м, биіктігі 2 м жер дуалмен қоршалған. Оңтүстігінде үш мұнараның орны сақталған, биіктігі 3 м. Қазба барысында керсендер, күбі көзелер, жайпақ табақтар, тостағанға ұқсас ыдыстар, мойны тар құмандар табылған. Тұрғындары негізінен мал ш-мен, егіншілікпен айналысқан.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:WikifyҮлгі:Stub