Пацевич Героним Иосифович
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Героним Иосифович Пацевич (23.2.1893, Беларусь, Полоцк облысы — 4.10.1970, Алматы) — ғалым, археолог, тарих ғылымының кандидаты (1954).
Мәскеу археология институтын бітірген (1914).
А.Н. Бернштам жетекшілік еткен Жетісу археологиялық экспедиция жұмыстарына белсене қатысып 1938 жылы құрылған Жамбыл археологиялық пунктінде ғылыми қызметкер.
Директор қызметін атқарған (1950 — 1955).
Оңтүстік (1947 —1951), Орталық және Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясына қатысып, Қостанай облысында экспедиция басқарды (1956).<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>.
Ғылыми еңбектер
“Қазақстанның археологиялық картасы” Ежелгі Қазақстанның топографиясы, архитектурасы, құрылыс ісі мен шаруашылығына байланысты 50-ге жуық еңбегі бар.
Дереккөздер</span>
<references/>