Ақшолақ (ауыл)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Ақшолақ — Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында орналасқан темір жол бекеті. Тараз қаласының солтүстік-шығысында 39 км жерде орналасқан. 1925 жылы Арыс-Бішкек темір жолын салуға байланысты пайда болған. Ауыл атауының шығу тарихы туралы ел аузында бірнеше нұсқасы бар. Бірі, "Ақшолақ" деген аяғы шолақ, әулие кісі болған екен дейді. Екіншісі, "Ақшолақ" деген батыр болыпты дейді. Тағы бірі "Ақшолақ" есімді қыз болған дейді. Дегенмен, ауыл атауының тура нұсқасын ешкім білмейді.