Сүмбіле

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сүмбіле немесе Сириус (Үлгі:Lang-la), сонымен қатар Үлкен арлан шоқжұлдызындағы α жұлдыз (Үлгі:Lang-la) — Тазы шоқжұлдызында, аспанның орталық жарты шарына орналасқан, (Қазақстанда қыста шығыс оңтүстік аспаннан көрінеді) жерден қарағанда ең жарық көрінетін жұлдыз. Белгісі - Bd:α CMa.

Сүмбіленің жалтырауы 1,46 жұлдыздық шамаға тең болып, екінші жарық жұлдыз Канопуске қарағанда екі есе артық жарқырайды. Оның ағылшынша аты Sirius /sɪɹiəs/, ол ежелгі грекше Σείριος сөзінен келген. Оның Байер белгілемесіндегі аты - Үлкен арлан шоқжұлдызындағы α жұлдыз. Көзімізге сүмбіле бір тұрақты жұлдыз болып көрінгенімен, ол шынтуайтында Қосаржұлдыз болып есептеледі. Ол спектрі A1V болған ақ негізгі тізбек жұлдызы мен спектрі DA2 болған күңгірт ақ ергежейлі серігі Сүмбіле B дан құралады(Bd:α CMa B).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сүмбіленің басқа жұлдыздардан өте жарық көріну себебі оның жарық шамасының жоғарылығынан ғана емес, және оның жерге өте жақындығынан болған. Ол күнге жақын жұлдыздардың бірі есептеледі. Сүмбіленің Күннен қашықтығы 2,6 парсек (8.6 жарық жылы). Сүмбіле диаметрі жағынан Күннен екі есе үлкен, жарқырауы Күн жарқырауынан 25 есе артық.

Сүмбіле Қосаржұлдызы 200 - 300 млн жылдық тарихқа ие. Ол әу бастан-ақ екі көк түсті жарық жұлдыздан құралған. Жоғары энергияға ие Сүмбіле B өз энергиясын сарқып, алып қызыл жұлдызға айналған және сыртқы қабатынан үздіксіз жеміріліп, осыдан шамамен 120 млн жыл бұрын қусырылып қазіргі Ақ ергежейліге айналған екен.

Қазақ астрономиясындағы Сүмбіле жұлдызы

{{#invoke:Message box|ambox}}

Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, тәжік, парсы, пуштун (Ауғанстан) күнтізбелерінде Сүмбіле жұлдызы 31 күндік зодиак айы саналады.

Ол тамыздың соңы, қыркүйектің басы аралығына Қазақстанның түңгі аспанында пайда болады. Ол Қиыс Оңтүстік (шығыс оңтүстік) аспанынан қыс бойы сәулесін шашып тұрады. Қазақ халқы бұл айдың алғашқы жартысын “Лақ Сүмбіле”, екінші жартысын “Теке Сүмбіле” деп атайды.

Тамыз айында Сүмбіленің суы жүреді, сондықтан да қазақтар "Сүмбіленің суы жүріп пе екен?" – деп сұрайтын болған. Сүмбіле жаңбыры болып өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады деп, жылқыны қыста сол жерге тебіндеткен.<ref>http://kostanaytany.kz/archives/5360</ref>

Қазақта "Сүмбіле туса су суыр, Таразы туса таң суыр" деген сөз бар. Яғни, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді. Жауын басталады. Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы ептеп салқындай бастайды. Сүмбіленің аспанда көрінуі елімізде қыстың алғашқы лебімен тұспа-тұс келеді.

Сумбиле туған соң суда сулик оле бастайды. Және "Сүмбіле туса сұмпиып,ат тойынар құнтиып" деген сөз бар. Бұл сүмбіле тууымен күн салқындап , жылқы баласына шыбын-шіркеисіз мезгіл басталатынын, әсіресе суда сүлік өліп, жылқылар жақсы жайыла бастайтынынан болса керек.

Сурет:Sirius A & B X-ray.jpg
Сүмбіле. Чандра рентгендік обсерваториясының суреті. Онда "Сүмбіле В" серігі де анық байқалады.

"Сүмбіле жұлдызы туғанда жарқырап,
Құлынның үлесін биеден тартып ап.
Ел қымыз ішкені,
Қаздардың қайтқаны,
Сол қайтқан қаздардан қыс сәлем айтқаны.
Жабырқап қалғаны аққудың құт көлі –
Жап-жасыл жайлаудың қызығы біткені.
Көтеріл, қыпшақтар,
Үй жықсын ұл-қызың...
Қолында өледі Сүмбіле жұлдызы."
(Олжас Сүлейменов,«Сен – менің кейіпкерімсің», Қадыр Мырзалиев аударған)

Бақылау-өлшеу тарихы

<hiero>X1:N14-M44</hiero> Сүмбіле/Сопдеттің иероглиф нұсқасы

Сурет:Isis.svg
Мысыр ана құдайы Исида (ISIS), Осиристің әйелі, Перғауындар осы Құдайдың балалары есептелген.

Ең ежелгі астрономиялық жазбаларда Сүмбіле туралы айтылған, оны ежелгі мысырлықтар Сопдет(Sopdet, грекше: Σώθις)деп атаған. Ол бейнелі жазуда (иероглиф) жұлдыз бен үшбұрыш арқылы таңбаланған. Мысыр перғауындарының ортакезең патшалығы кезіндегі календары Сүмбіле туған күннен басталған. Сол күні тәңертең Сүмбіле күннен біршама алыстайтындықтан күннен бұрын көтеріліп, өзінің құдіретті де, тылсым нұрын шашып, сосын 70 күннен кейін аспаннан көрінбей кететін болған. Бұл күннің календар үшін маңызы ол Ніл өзенінің тасуына турал келеді.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Сүмбіле жоғалатын 70-ші күні миф бойынша Сопдет пен Исиданың мысыр перғауыны сарайына түнеп кетуі есептеледі.

Сурет:Finding sirius.png
Сүмбілені қазақ жерінде қыста шығыс оңтүстік аспаннан оңай байқауға болады.

Ежелгі гректер Сүмбіле туғанда жазғы шіліңгір ыстық ағаштарды кептіріп, еркектерді әлсіретіп, әйелдерді мазасыз етеді деп есептеген.<ref>Үлгі:Harvard citation</ref> Сүмбіле өте жарық болғандықтан, алғашқы жаздың тұрақсыз климатында тіпті де жарқырап, жаман істердің туылуын шақырғандай болады. Сүмбіленің пәле-қазасына "ұшыраған" адамды (бір бәлеге ұрынған адамды) “astroboletos”(αστροβολητος)немесе “жұлдыз соққысы” ауыруымен ауырды деп есептеген. Сүмбіле олардың жазба деректерінде "өрт", "жалын" деген сөздермен бейнеленіп Сириус деп аталған.<ref name="Hol20"/> Бұл жұлдыз шыққаннан кейінгі жазды "ит күні" деп атаған.<ref>Үлгі:Harvard citation</ref> Арлан жұлдызы деген сөз осыдан келіп шықса керек.

Эгей теңізінің Искья аралындағы аборигендер салқын жел соққаны үшін Сүмбіле мен Зевске тасаттық беріп, Сүмбіленің аспанда көрінуін үлкен құрметпен күткен. Егер ол жарқырап шықса бақыт-бақтың, молшылықтың нышаны, егер күңгірттеніп шықса, обаның нышаны деп сенген. Археологтар аралдан б.з.д ІІІ ғасырдағы ақшаларды қазып алды. Оның бетіне жарқыраған ит, нұрлы аспан денесі бедерленген, бұл Сүмбіле жұлдызының олар үшін қаншалық маңызды екенін көрсетсе керек.<ref name=Hol20>Үлгі:Harvard citation</ref>

Римдіктер сәуірдің 25 алды-артында Сүмбіленің Кай батуын тойлаған. Олар римнің астықты қурататын құдайы Robigo-ға бір ит құрбандық шалып, шарап пен жемісті үйіп төгіп, қой да сойып, сол жылы болатын жұлдыз жарығының астықты құртуын "тосады".<ref>Ovid. Fasti IV, lines 901-942.</ref>

Александриялық Птолемей өзінің «Альмагест» кітабының 7 және 8 тарауларындағы жұлдыздар картасы ішінде Сүмбілені аспан шарының орталық сызығына орналастырған. Ол Сүмбілені 6 қызыл тұрақты жұлдыздың бірі деп сипаттаған. (Оның қызыл жұлдыз ба, емес пе екені туралы тарихта үлкен пікірталас болған.) қалған бес жұлдыз М және К тұрақты жұлдыздары (Арктур және Betelgeuse) қатарлылар.<ref>Үлгі:Harvard citation</ref>

Жарық жұлдыз ежелгі Полинезиялықтар үшін де өте маңызды болды. Олар өйткені самсыған Тынық мұхит аралдары арасында жұлдызға қарап жол жүрді. Сүмбіле көкжиекте жүргенде ол теңізшілер үшін компас болды. Бұл жарық жұлдыз сондай-ақ белдеулік бұрышты есептеуде қолданылды. Sirius ауытқуы Фиджи аралына сай келетіндіктен, ол әр күні фиджи аралы төбесінде көрінеді.<ref>Үлгі:Harvard citation</ref> Сүмбіле Алып құс шоқжұлдызындағы “Manu”-дың денесі, Canopus оның оңтүстік қанаты, Procyon оның сол жақ қанаты, сөйтіп полинезия аспаны үлкен екі бөлікке бөлінеді.<ref>Үлгі:Harvard citation</ref>

Сүмбіленің көтерілуі Грекияда жаздың басталуы болса, Маориліктер үшін суық қыстың басталуы болып, жергілікті халық Сүмбілені де, қысты да Takurua деп атаған екен.

Қозғалысы

Сурет:Sirius mouvement.jpg
Сүмбіленің1793жылдан1880жылдары аралығындағы қозғалысы

1676 жылы әйгілі астрономия ғалымы Эдмонд Галлей оңтүстік Атлант мұхитыының қасиетті Елена (Saint Helena) аралында (Тарихта ол аралға император Наполеон Бонапарт сүргін етілгені, ағылшындардың ұзақ уақыт Күшәламен (арсенмен) уландыруы кесірінен сонда қайтыс болғаны белгілі.) бір жылын өткізііп, оңтүстік жарты шар аспанын зерттейді. Шамамен 40 жылдан кейін (1718ж.) өзінің өлшеулері мен Птолемейдің «Альмагест» кітабындағы деректерді салыстырып, тұрақты жұлдыздардың тұрақты еместігін, олардың да үздіксіз қозғалып, өзгеріске түсетінін ашты. Аталған зерттеу бойынша Арктур мен Сүмбіле бірдей жылжыған. Сүмбіле 1800 жыл ішінде оңтүстікке қарай 30 Минут дуги (шамамен ай шарының радиусындай) жылжыған екен.<ref>Үлгі:Citation</ref>

Сүмбіле 1868 жылы әлемдегі тұңғыш рет қозғалыс жылдамдығы өлшеніп шыққан тұрақты жұлдыз есептеледі. Сэр Уильям Хаггинс Сүмбіле жұлдызының жарық спектріне мұқият талдау жасап, ондағы ап-анық қызаруды байқады. Сонымен ол Сүмбіле жұлдызы 40км/сек жылдамдықпен күн жүйесінен алыстап бара жатыр деген қорытындыға келді.<ref>Үлгі:Cite book </ref><ref>Үлгі:Cite journal</ref> Бұл кезектегі өлшеулер бойынша 7.6км/сек деген нәтижеден біршама артық болса да, астрономия ғылымында Радиаль жылдамдықты өлшеуді зерттеудің басы болды.

Серік жұлдызының байқалуы

Сурет:Orbit5.gif
Қос ергежейлінің өзара айналуы

Неміс астрономы Фридрих Вильгельм Бессель 1844 жылы Сүмбіле қозғалысындағы түсініксіз өзгерістерге негізделіп, оның басқа бір серік жұлдызы бар екенін жорамалдады.<ref name="fwbessel">Үлгі:Cite journal</ref>

Шамамен 20 жылдан кейін АҚШ телескоп жасаушы және астрономы Алван Грэм Кларк(Alvan Graham Clark)1862ж. 31 қаңтарда тұңғыш рет осы күңгірт серікті байқады. Астрономдар оны Сүмбіле В, немесе Кіші Сүмбіле деп атады.<ref name="flammarion">Үлгі:Cite journal</ref> Ал жарық және көзбен көруге болатыны салыстырмалы түрде Сүмбіле А деп аталады.

1894ж. бастап адамдар Сүмбіленің орбитасындағы тәртіпсіздіктерді байқап, бәлкім Сүмбіленің үшінші серігі болуы мүмкін деп жорамалдады. БІрақ бұл жорамал әлі дәлелденген жоқ. Есептеулерге негізделгенде жорамалданған 2-ші серігінің Сүмбіле А -ны айналу периоды 6 жыл, ол күн массасының 0.06 есесіндей ғана. Ол Ақ ергежейлі есептелетін Сүмбіле В жұлдызына қарағанда 5-10 дәрежелі қараңғы, сондықтан бұл серік әлі айқындалмай, анықталмай келеді.<ref>Үлгі:Cite journal For the instability of an orbit around Sirius B, see §3.2.</ref> 1920 жылы байқалған Сүмбіленің Екінші серігі делінген жұлдыз Сүмбіленің ар жағындағы Сүмбілеге қатысы жоқ жұлдыз екен.<ref>Үлгі:Cite journal</ref> Таяудағы зерттеу шамалары аталған екінші серік жұлдыздың барын дәлелдей алмағанымен, бірақ ол Сүмбіле А ға өте жақын болғандықтан, бәлкім анықталмай жатқан болар деген жорамалға апарады.

Уолтер Адамс 1915 жылы Вильсон обсерваториясында 1.5 метрлік шашыратқыш телескоп арқылы Сүмбіле В жұлдызының жарық спектріне талдау жасап, оны күңгірт Ақ ергежейлі жұлдыз деп бағалады.<ref>Үлгі:Cite journal</ref> Оның Ақ ергежейлі болу сыйпаты содан былай тұрақтасты. Ол тарихтағы анықталған екінші Ақ ергежейлі есептеледі.<ref>Үлгі:Cite journal</ref>

Robert Hanbury Brown және Richard Q. Twiss қатарлы зерттеушілер 1959 жылы Jodrell Bank обсерваториясында өздерінің Оптикалық интерферометрі арқылы Сүмбіле А жұлдызының диаметрін есептеді.<ref>Үлгі:Cite journal</ref>

Астрономдар 2005 жылы Хаббл ғарыш телескобы арқылы Сүмбіле В жұлдызының диаметрі шамамен жер диаметріндей екенін (12,000км) анықтады. Бірақ аталған жұлдыздың салмағы күн салмағының 98% екен.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite journal</ref>

"Қызыл жұлдыз" пікірталасы

Сүмбіле жұлдызы жай көзге негізінен ақ жарықты. Бірақ кейде ол түрлі жарықтардың құбылып тұрғанындай көрінетіні тағы бар. Оған тесіле қараған адам ондағы жалтылды, жарық ауысуын байқамай қоймайды. Тарихта оның түсін қызыл деп сипаттау көп кездеседі. Бірақ, аталған жұлдыз (Сүмбіле А жұлдызы) сөнген қызыл жұлдыз еместі тағы белгілі. Сонымен астрономияда оның түсі туралы талас-тартыс болып өтті.

Сурет:PSM V78 D326 Ptolemy.png
Клавди Птолемей ( 90ж. – 168ж.)

Б.з.д 150-ші жылдары астроном Птоломей Сүмбілені "қызыл жұлдыз" деп есептеп, басқа бес тұрақты жұлдызбен бірге (Арктур, Бетельгейзе, Антарес, Альдебаран және Поллукс) қызыл және сарғыш түсте көрінетін жұлдыздар деп сипаттаған.<ref name=Hol157>Үлгі:Harvard citation</ref> Әуесқой астроном Thomas Barker 1760 жылы Лондон ғылым академиясы жиналысында Птоломей белгілеген қызыл түсті жұлдыздардың шындыққа сай келмейтіні туралы баяндама жасады. Көптеген жұлдыздарда жарқылының ауысуы құбылысы болады, түсі құбылып көрінеді, сондықтан адамдар ол жұлдыздарды қызыл түске де ауысады деп түсінген. Thomas Jefferson Jackson See 1892 жылдан бастап Қызыл түсті Сүмбіле мәселесін көтеріп, өз зеттеулерінен бірнеше мақалалар жариялады. Ол Сүмбіленің қызыл түсті екенін Птолемей ғана емес, астроном болмаса да ақын Арат, шешен Цицерон, қолбасы Германикалар да айтақан екен. Сенека болса Сүмбіле қызыл түсті, тіпті Марсқа қарағанда қызылы әлдеқайда қою деп жазыпты.<ref>Үлгі:Cite journal</ref><ref name=Hol162>Үлгі:Harvard citation</ref> Бірақ барлығы солай есептемеген. Мысалы Іғ.-дағы ақын Маркус Манилий оны "көк түсті" жұлдыз деп сипаттаса, ІVғ.-дағы ақын Avienus те солай жазыпты. ЕЖелгі қытайлар б.з.д. ІІғ. жазбаларында және IVғ. жазбаларында Сүмбілені ақ түсті деп сипаттаған.<ref name=Hol161>Үлгі:Harvard citation</ref>

Сурет:Sirius A and B Hubble photo.jpg
Сүмбіле, Хаббл ғарыш телескобы

Неміс астрономдары Wolfhard Schlosser мен Werner Bergmann 1985 жылы VІІІ ғасырдағы Ломбардия жазбасын көрсетті. Бұл жазбада "жұлдыздың орнына қарай дұға ету" туралы жазылған екен. Жазбада Сүмбілені қызыл түсті деп сипаттаған. Неміс ғалымдары осыған негізделіп Сүмбіле В жұлдызының қызыл сөнген жұлдыз екенін айтты.<ref>Үлгі:Cite journal</ref> Бірақ басқа ғалымдар бұл жазбадағы жұлдызды Сүмбіле емес, Арктур болуға тиіс деп есептеді.<ref>Үлгі:Cite journal</ref><ref>Үлгі:Cite journal</ref><ref name=Hol163>Үлгі:Harvard citation</ref>

Астрономдар әлдеқашан Сүмбіле А, немесе Сүмбіле В жұлдыздарының тарихи өзгерісі арқылы оның түсін сипаттайтын уәжге келіспейді. Өйткені, мыңдаған жылдық өзгеріс тұрақты жұлдыз үшін тым қысқа, астрономдар да тұмандықтарға талдау жасау барысында осындай өзгерістердің болатынын байқамады.

Бүгінге дейін байқалмаған 3 серік жұлдызының әсері де Сүмбілені қызыл жұлдыз деп есептеудің бір мүмкін себебі есептеледі.<ref>Үлгі:Cite journal</ref> Басқа түсіндірулер бойынша, Сүмбілені қызыл деп есептеу өлең жолдарында ақындардың жамандықты, сорды, бақытсыздықты сипаттау мағынасында алынған, немесе көтерілген кездегі күшті жарығына негізделіп оны қызыл деп атаған болуы мүмкін. Жай көзбен қарағанда Сүмбіле көкжиетен алыс емес қашықтықта қызыл, ақ, көк түстердің ауысқан, құбылған жарығын шығарады.<ref name=Whittet99>Үлгі:Cite journal</ref>

Көрінісі

Сурет:Celestia Sirius.jpg
Сүмбіле А және СҮмбіле В, Хаббл ғарыштық телескобы<ref>Үлгі:Cite news</ref>

Сүмбіленің жұлдыздық көрсеткіші 1.47 болып, кешкі аспандағы ең жарық жұлдыз есептеледі. Ол екінші жарық жұлдыз Қария жұлдызынан (Canopus, жұлдыздық шамасы 0.72) екі есеге жуық жарық. Әрине, оның жарқырауы айға, Венера мен Юпитерге жетпейді, кейде Меркурий мен Марс та одан жарық көрінеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Сүмбіле 73° солтүстік ендіктің солтүстігін айтпағанда, жер бетіндегі адам қоныстанған өңірдің барлығында дерлік байқалады. Әрине, солтүстік өңірлерде ол биік аспанға көтерілмейді. Мысалы Санкт-Петербургтен күзеткенде сүмбіле көкжиектен тек 13° ғана биікке көтеріледі.<ref>Үлгі:Harvard citation</ref> Сүмбіле, Процион және Орион үш жұлдызы солтүстік жарты шар үшін қысқы аспан үшбұрышының бұрыш нүктелері есептеледі.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сүмбіле жұлдызының склонениесі (?) (Declination) 17° болғандықтан, оңтүстік бойлық 73° бастап ол поляршеңбері жұлдызы есептеледі. Тамыз айының алғашқы сәтінен бастап оңтүстік жарты шар аспанынан күн батқан соң батысқа батады, бірақ күн шығудан ілгері шығыс аспанына көтеріледі.

Адамдар үйлесімді орта жағдайында күн шығып тұрған кезде де Сүмбілені жай көзбен көре алуы мүмкін. Ондайда ауа өте шалаң, күзету бұрышы теңіз деңгейінен жоғары, күн тек көкжиекке асылып тұруы, сүмбіле де дәл төбеде болуға тиіс. Әрине, күндіз сүмлібе көрген мұндай жағдай сирек кездеседі. Белгілі мағынада, әсіресе діни мағынада бұл адамға соқырсенімдік түсініктер туғызуы мүмкін.<ref>Үлгі:Cite journal</ref>

Сурет:Canis Major & Minor & Lepus.gif
Жұлдызды түндегі сүмбіле және басқалары

Сүмбіленің екі өзара айналатын жұлдызының орбиталарына орай екі жұлдыздың ең қысқа қашықтығы 3 арксекунд, ал ең алыс болғанда 11 арксекунд болады. Олардың арақашықтығы ең жақын болғанда олардың екеу екенін ажырату біршама қиын. Өйткені Ақ ергежейлі сүмбіле В жұлдызы жарқырауы тым күшті сүмбіле А жұлдызына жақын келеді. Оларды анық ажырату үшін аспан райының идеал болуы ғана емес, калибрі 300mm -лік телескоп керек. 1994 жылы екі жұлдыз өздерінің ең тоқайласу нүктесіне келді де, содан былай олар бір бірінен алыстай бастады. Қазір оларды ажырату қиын емес.<ref>Two full 50.09 yr orbits following the periastron epoch of 1894.13 gives a date of 1994.31.</ref><ref name=mullaney>Үлгі:Cite web</ref>

Сүмбіле А және Сүмбіле В жұлдыздары жерден 8.6 жарық жылы қашықтықта. Ол күн жүйесіне жақын жұлдыздар ішінде 8-ші орында тұр.<ref name="reconslist">Үлгі:Cite web</ref> Сондай-ақ ол күге жақын жұлдыздықтардың 5-сі есептеледі. Жерге ең жақын жұлдыздардың бірі болу сүмбіленің жарық болу сырының бірі есептеледі. Оған біршама ұқсайтын жұлдыздар мысалы бұлдыр Кентавр Альфа жұлдызы, ал алыс болғанымен өте жарық көрінетін алып жұлдыздар, мысалы Қария (Canopus), Ригель, немесе Орион қатарлылар бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сүмбіле күнге қарағанда 25 есе жарық. Сүмбілеге ең жақын ірі тұрақты жұлдыз Процион болып, ол 5.24 жарық жылы қашықтықта. 1977 жылы ұшырылған Вояджер-2 ғарыш аппараты Юпитер тектес төрт Иовиан жұлдызға (Jovian planets) ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп болған соң, шамамен 296, 000 жылдан кейін Сүмбіле жұлдызына 4.3 жарық жылы қашықтықта жақындайды екен.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қосаржұлдыз жүйесі

Сурет:White Dwarf Ages.ogv
Ақ ергежейлі жұлдыз

Сүмбіле қосаржұлдыз жүйесіне тән, екі ақ ергежейлі жұлдызы өзара айналумен болады, ара қашықтығы 20 астрономиялық бірлік шамасында (шамамен күн мен Уран арақашықтығындай).<ref>1 light year = 63,241 AU; semi-major axis = distance × tan(subtended angle) = 8.6 × 63,241 × tan(7.56″) = 19.9 A.U., approximately</ref> Олардың өзара айналу периоды 50 неше жыл. Біршама жарығырағы, сүмбіле А жұлдызы A1V нұсқалы жетектеуіш жұлдыз (Main sequence) болып, оның беткі темпратурасы 9,940K. Ал, серік жұлдызы, сүмбіле В жұлдызы жетектеуіш жұлдыз (Main sequence) болу сатысынан өтіп, әлдеқашан Ақ ергежейліге (White dwarf) айналып кеткен.

Қазір сүмбіле В жұлдызының жарық спектрі сүмбіле А ға қарағанда 10 000 есе күңгірт болса да, ол кезінде екі жұлдыздың ішіндегі массасы үлкені болған. Бұл қос жұлдыздың жасы шамамен 230 000 000 жыл. Жорамалдар бойынша, олар өз заманының алғашқы мезеттерінде екі көкшіл-ақ жұлдыз болып, эллипс орбитасымен өзара айналған, периоды 9.1жыл болған делінеді.<ref name=hol214>Үлгі:Harvard citation</ref> Инфрақызыл сәулелі астрономиялық жерсерік өлшеуі бойынша, сүмбіле жүйесі мөлшерленгенінен тіпті де көп инфрақызыл сәуле шашады. Бұл оның ішіндегі жұлдыз шаңына байланысты болуы мүмкін. Дегенмен мұндай жағдай қосаржұлдыз жүйесінде сирек кездеседі.<ref>Үлгі:Cite conference</ref><ref name="solstation" />

Cүмбіле А

Сурет:Sirius A-Sun comparison.png
Сүмбіле А және Күн

Сүмбіле А жұлдызының массасы күн массасының 2.1 есесіндей.<ref name="solstation">Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Астрономдар Оптикалық интерферометр арқылы оның радиусын есептеп, бұрыштық диаметрі 5.936±0.016mas екенін мөлшерледі. Оның тұрақты жұлдыз ретіндегі өз өсінде айналу жылдамдығы ақырын, секундына 16км, сондықтан жұлдыздық пішінінде ауытқу болмаған. Уега (Vega) және Сүмбіле А жұлдызының көлемі жақын, бірақ оның өз өсінде айналу жылдамдығы тез, секундына 274км. болғандықтан, анық түрде екуаторы сыртына қарай томпайып шыққан.<ref name=apj645>Үлгі:Cite journal</ref>

Жұлдыздық пішін бойынша Сириус А жұлдызы Молекулярлық тұмандықтық кеусеп күйреуінен пайда болған. Тағы 100 млн жыл өткен соң энергия қайнарын бүкілдей Термоядролық реакция қамдайтын болады. Оның өзегі тропосфера қабаты болып, CNO циклі (көміртегі, азот, оттегі айналысы) арқылы энергия жасайды. Астрономдар Сүмбіле А жұлдызы пайда болған соң 1 млрд жыл ішінде өз өзегінде сақталған сутегіні тауысып, Алып қызыл жұлдыз сатысын бастан кешірді, сосын барып Ақ ергежейліге айналды дейді.

Сүмбіле А жұлдызының жарық спектрі қою металдық спектрді бейнелейді, бұл оның гелийден ауыр элементтердің (темір, мысалы) артқанын көрсетеді. Күнмен салыстырғанда, Сүмбіле А жұлдызының атмосферасы ішінде салыстырмалы сутегі араласқан темір мөлшері <math>\begin{smallmatrix}[\frac{Fe}{H}]=0.5\end{smallmatrix}</math> екені, яғни 100.5 екені белгілі болды. Бұл деген сөз оның атмосферасындағы темір мөлшері күннің 316% екен. Бүкіл жұлдыз метал элементінен құрамайтыны анық, сондықтан бұл металдар оның беткі қабатындағы жұқа тропосферадан болуы мүмкін.

Сүмбіле В

Сурет:4heic0516d.jpg
Қысқы аспан үшбұрышы: Сүмбіле (ең жарығы), Процион (жоғары сол жағында), Орион (оң жағындағы қызылы)

Сүмбіле В жұлдызының массасы күн массасына жақын келеді. Ол белгілі болған ең ауыр Ақ ергежейлі есептеледі. Бірақ осынау ауыр масса жер шары үлкендігіндей жұлдызға сығылған. Сүмбіле В жұлдызының кезекте белгілі болған беткі темпратурасы 25,200 К. Бірақ, ішкі жағынан энергия тудыра алмайтындықтан, артық жылу радиация формасында айналасына шашырап, сүмбіле В ны барған сайын суытады, оған 200млн жылдан артық уақыт керек.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Кез келген жұлдыз Жетектеуіш жұлдыз (Main sequence) және Алып қызыл жұлдыз (Red giant) сатысынан өткенде барып Ақ ергежейліге айналатыны белгілі. Сүмбіле В -ның Ақ ергежейліге айналу жасы қазіргі жасының жартысынан көбірек уақытты ұстайды, яғни шамамен 120 млрд жылдың алдында болған. Бұл жұлдыз өзінің Жетектеуіш жұлдыз мезгілі кезінде салмағы 5 күн шамасындағы массаға ие болған екен және сол кездің өзінде әлдеқашан В дейгейлі жұлдыз болыпты. Сүмбіле В жұлдызы Алып қызыл жұлдызға айналғанда қосары сүмбіле А жұлдызының метал құрамы шұғыл артқан екен.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite conference</ref>

Сүмбіле в жұлдызы алғашында Көміртегі мен оттегі элементтерінен құралғаны анық. Бұл екі элемент сүмбіле В жұлдызын қалыптастырған өлген тұрақты жұлдыздың Гелийлік термоядролық реакциясынан пайда болған. Бұл элементтер тіпті де жеңіл элементтермен қымталып, салмағына қарай қабатқа орналасып, оның бетіндегі жоғары тартылыс күшін туғызады.<ref>Үлгі:Cite journal</ref> Сондықтан, Сүмбіле В жұлдызының ең сыртындағы атмосферасы әлемдегі ең жеңіл элемент — таза сутегіден құралған болып, спектрінен басқа элементтің жарығы байқалмайды.<ref>Үлгі:Cite journal</ref>

Жұлдыз тобы

Дания астрономы Ejnar Hertzsprung сүмбіленің аспандағы қозғалыс соқпағын бақылаған соң 1909 жылы сүмбіле жұлдызы Үлкен аю шоқжұлдызындағы жылжымалы жұлдыздар тобына тәуелді деген идеяны ортаға қойды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Үлкен аю шоқжұлдызының жылжымалы жұлдыз шоғыры 220 -дай тұрақты жұлдыздан құралған, аспанда ұқсас қозғалыс соқпағын басып өтеді. Олар алғашында тарқақ жұлдыз тобының бір бөлігі болған, кейін тартылыс күшін біртіндеп жеңіп бөлініп кеткен екен. Бірақ, астрономдар 2003 және 2005 жылдарғы талдау жасауларға негізделіп, сүмбіле жұлдызы бұл жұлдыздар тобына тән емес деген қорытынды шығарды. Үлкен аю шоқжұлдызының жылжымалы жұлдыз тобы шамамен 400 - 600 млн жылдық жасқа ие, ал сүмбіле жұлдызындағы металдар саны күнмен қарайлас болып, жасы бар болғаны 200 млн жыл ғана және бұл жұлдыздар тобы үшін тым аз жас есептеледі.<ref>Үлгі:Cite journal</ref><ref>The life and times of Sirius B, Ken Croswell, Astronomy, online, 2005-07-27. Accessed 2007-10-19.</ref>

Сүмбіле бәлкім "Асқан сүмбіле тарқақ жұлдыздар тобына" тән болуы мүмкін, аталған тарқақ жұлдыздар тобындағы жарық жұлдыздар бәлкім Auriga β, Corona Borealis α, кратері β , Eridanus β, Serpens β қатарлылар болуы мүмкін.<ref>Үлгі:Cite journal</ref> Бұл жұлдыз тобы күннен қашықтығы 500 жарық жылы шамасындағы 3 жұлдыз тобынан құралған, қалған екеуі Хиядес (Hyades) және Плеадес (Pleiades) болып, әрқайсысында жүздеген тұрақты жұлдыздар бар.<ref>Үлгі:Cite journal</ref>

Этимологиясы және мәдени маңызы

Сүмбіленің ағылшынша Sirius аты латынның Sīrius сөзінен, ол көне гректің Σείριος (Seirios - «ыстық өрт», «шіліңгір ыстық» деген мағынада) сөзінен шыққан.<ref name=Liddell>Үлгі:Cite book</ref> Бірақ бұл атау Архаикалық кезеңдегі грек мәдениетінің (б.з.д 800ж. – б.з.д.480ж.) алдында басқа өңірден келген болуы да мүмкін. Бұл атау б.з.д. VIIғ. Гесиод жырларындағы "жұмыс және күндерде" айтылады. Сүмбіленің басқа да 50-ге тарта атауы болған екен.

Араб тіліндегі Сүмбіле الشِّعْرَى‎ (латын жазуында: ‘aš-ši‘rā, немесе '‘al-shi‘ra) деп айтылған, мағынасы "Көсем"<ref>Үлгі:Cite web</ref>, ол Құранда да кездесед.<ref name="Quran">Үлгі:Cite web</ref> Ағылшынша тағы бір атауы Aschere осыдан келген болса керек.

Сүмбіле санскрит тілінде Mrgavyadha (мағынасы «Бұғы аулаушы»), немесе Lubdhaka (мағынасы «аңшы») деп аталған. Ол Mrgavyadha деп аталғанда Рудраға (Шива) өкілдік етеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Скандинавия мәдениеті бойынша, сүмбіле Lokabrenna - «локаның оты», «локаның алауы» деген мағына береді.

Ал жапон тілінде сүмбіле «Көк жұлдыз» мағынасында あおぼし ao boshi деп аталған.

Сүмбіле ортағасыр жұлдызнамасы үшін «Сығандардың жұлдызы» есептеліп, берил және аршаға қатысты айтылады.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Мистикалық философ Heinrich Cornelius Agrippa оны арнайы белгімен Сурет:Sirius - Agrippa.png таңбалаған.<ref name="Agrippa 1533">Үлгі:Cite book</ref>

Сүмбіле көптеген мәдениеттерде ерекше маңызға ие, әсіресе ит мағынасында айтылғанда. Ол үлкен арлан шоқжұлдызындағы ең жарық тұрақты жұлдыз, жай сөзде Арлан шоқ жұлдызы делінеді. Дәстүрлі аңшы иті көптеген мәдениетте өзіндік орны бар. Ежелгі гректер сүмбіленің жарығы итке жайсыз тиеді деп, әсіресе жазғы шіліңгір ыстықты (оларда сүмбіленің тууы ыстыққа тура келеді) "ит күні" деп атаған. Бұл ыстық күндердегі шаршау мен терлеу құрғауға апарып, түрлі ауыруға душар етеді деп алаңдаған. Мынадай да мысал айтылған, ыстықта аузынан көбігі аққан ит құтырып, адамды қауып алса, онда ол адам да құтырып кетуі, немесе өліп қалуы мүмкін. Ежелгі римдіктер бұл күндері аспанға үш ит шығады деп, ал сүмбілені күшік (Canicula) деп атаған екен.

Бұл жұлдыз қытай тілі бойынша - Tiānláng, жапон тілі бойынша - Tenrō, солтүстік корея тілі бойынша: 천랑, оңтүстік корея тілі бойынша Cheonlang деп аталған.

Қазақ ұлты сүмбіленің туу мезгіліне орай оны "лақ сүмбіле", "теке сүмбіле" деп айырғанына қарағанда, оны ешкіге, бәлкім таутекеге ұқсатқаны байқалады. Шамасы бұл аталған малдардың тойынуына қатысты болса керек. Немесе ұмытылып бізге жетпеген әлдебір мифологиялық түсінікке қатысты.

Солтүстік Американың көптеген аборигендері де Сүмбілені итке ұқсатқан. Ал, батыс оңтүстігіндегі ежелгі тайпалар Seri және Tohono O'odham ұлты да бұл жұлдызды Қойға еріп жүретін ит ретінде атаған. Blackfoot ұлты болса оны иттің бетіне, Cherokee болса сүмбіле мен Антарес жұлдызын бір жұп ретінде қарап, рух жолының екі жағын күзеткен ит ретінде сипаттаған. Небраскалық Pawneeлер болса сүмбілені Арлан қасқырға, жабайы қасқырға ұқсатқан. Ал, Алясканың Беринг бұғазындағы инуиттер "ай иті" деп түсіндірген.

Кейбір мәдениеттер бұл жұлдызды Садақ пен жебеге ұқсатады. Ежелгі қытайда Сүмбілені Puppis және үлкен ит (Canis Major) шоқжұлдыздармен бірлестіріп, оңтүстік аспанды ендей жатқан үлкен садаққа ұқсатқан. Ал, жебе ұшы дәл осы Сүмбіле болған. Мұндай логика бағызы Египеттің Denderaдағы Хатхор храмындағы там суретінен де кезігеді. Онда әйел құдай Satis өз жебесін сиыр басты әйел құдай Хатхордың (Сүмбіле) үстіне сызады. Кейінгі парсы мәдениетінде бұл жұлдыз Tir деп аталып, бір тал жебені білдірген. Бір қызық жері ежелгі Мысырдағы ғибадатханалар, арасында осы Хатхор ғибадатханасы бар, түгелдей сүмбіле жұлдызына қаратып салынған. Дегенмен аспандағы бұл ең жарық жұлдыз егер мысырлықтардың ана дариясы --- Ніл өзенінің тасуымен тұспа-тұс аспанға көтерілгендіктен де олар бұл жұлдызға айырықша мән берген болуы керек.<ref name="Agrippa 1533"/>

Сурет:Egypte louvre 066.jpg
Осиристің отбасы

Ежелгі Мысырдың уақыт есептеуінде "Сүмбіле периоды" деген болды, ол "Сүмбіленің екінші рет күнмен бірдей жерден көтерілу периоды". Сүмбіле әр жылы шілденің ортасында күн аспанға көтерілудің алдында шығыс аспанынан көтеріледі екен. Уақыт жағынан бұл период 365.25 күн болып табылады. Сүмбіленің осы көтерілуі Ніл өзенінің тасуына тұспа-тұс келеді екен. Бір қызығы, аспандағы көрінетін 2000 нан артық жұлдыз ішінде дәл 365.25 периодымен қайта шығатын жұлдыз тек осы Сүмбіле ғана болса керек. Сондықтан да болар, Француз математигі R.A.Schwaller de Lubicz кезінде былай деген болатын: Сүмбіле жұлдызының периоды (365.25) "жорамалдай салуға келмейтін ғажайып астрономиялық құбылыс". Ал, бұл құбылыстың 4000 жыл бұрын байқалуы Египет мәдениетінің астрономия саласында жоғары деңгейге жеткенін көрсетсе керек.

Пирамидадан табылған жазбаларда Осирис құдайға арналған мындай сөйлемдер бар екен:

Үлгі:Дәйексөз

Бір таң қаларлығы, аталған сөйлемде "балалы болып үлкейді, бейне Сүмбіле секілді" деген сөздер Сүмбіле жұлдызының қосаржұлдыз екенін айтып тұрғандай көрінеді. Бала туған соң ол Сүмбіле жұлдызының бұқарасы болады, яғни оның серік жұлдызы негізгі жұлдыздан ажырап кетпейді. Бұл енді астарлы түрде Астрономиялық білімнен сыр шерту секілді. Сүмбіле жұлдызының Қосаржұлдыз екені тек 1862 жылы ғана американдар жағынан анықталған. Ал, ежелгі Мысырлықтардың оның егіз жұлдыз екенін, серігі тым кішкене (бейне бала секілді) екенін тым ерте білгені әлі де зерттеуді талап ететін құпия.<ref>Үлгі:Harvard citation</ref>

Тарихи-мәдени мағынасы себебінен болар, әлде аталған жұлдыздың психологиялық әсерінен болар, Сүмбіле ешқандай да романтизм сезімін туғызатын жұлдыз емес, тек адамға тылсым сыр ұсынып тұрғандай әркімді таң қалдырады. Оны ешкім айды, марсты, шолпанды тамашалағандай көңілді тамашалай алмайды; көк жарық жарқылы бар жылтылдаған аппақ Сүмбіле жұлдызы адамды шаттыққа емес, ойға жетелейді; сондықтан оны көбінесе жеке даралықтар, өзін оқшау, бірегей сезінгендер қадір тұтқан, жоғары бағалаған екен.<ref>Үлгі:Harvard citation</ref>

Догон және Сүмбіле

Сурет:Dogon sculpture Louvre 70-1999-9-2.jpg
Ежелгі Догон мәдениеті, Догондардың ата-бабасына арналған болуы мүмкін, XVII-XVIIIғ. жасалған.

Догондар батыс Африканың Мали еліндегі ежелгі ұлт болып, олар Сүмбіле туралы телескоп тапқырланбай тұрған кезде біле алуымыз мүмкін емес деректерді білген деген қауесет бар. Француз африкатанушы этнографы Марсель Гриоль (1898—1956) өзінің «Ogotemmêliмен сұхбат» және «Бозарған түлкі» еңбектерінде жазуынша, Догондар батыс астрономиясы дамудан бұрын Сүмбіленің Қосаржұлдыз екендігі туралы, оның серігі туралы, екі жұлдыздың айналу периоды 50 жыл екендігі туралы, тіпті бүгінге дейін анықталмаған Үшінші бір серік жұлдызы бар екендігі туралы ерте білген дейді.

Ал, Robert K. G. Temple 1976 жылы жазған «Сиқырлы Сүмбіле» кітабында айтуынша, олар Юпитердің Галилей серігі туралы және Сатурнның сақинасы туралы білімдерді де жеттік біледі екен.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Бұл талас пен жорамалқа арқау болған тақырып әуелде сол Марсель Гриольдың өзі соларға сондай білімді үйретуінен шыққан деген сөз бар.<ref>Үлгі:Cite web </ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Олардың Сириус секілді жұлдыздар туралы білімі ежелгі заманнан қалған ба, әлде қазіргі заманғы білімнің көшірмесі ме, бұл туралы дау әлі басылған жоқ. Кейбіреулердің айтуынша егер Сүмбіле С жұлдызы (әлі жорамалдаулы жұлдыз) расталса, онда догондардың біліміне белгілі бір дәрежеде сенуге болады екен.<ref>Үлгі:Cite journal</ref>

Сүмбіле атында

Сурет:Close-up of Sirius.jpg
Сүмбіле жұлдызы

Сүмбіле жұлдызы бұқаралық мәдениетте ғылыми фантазиялық әңгімелер мен түсірілімдердің негізгі тақырыптарының бірі есептеледі.<ref>Үлгі:Cite book</ref>

Ол сондай-ақ мысалы Маккуори унверситетінің логотипінде, және басқа да журналдардың атында кездеседі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

ХVІІІғ. бастап Англия Королдық флотындағы жеті кеме<ref>Үлгі:Cite book</ref> және Аустралия королдық флотының бірнеше кемесі HMS Сүмбіле атында аталды.<ref>Үлгі:Cite web </ref> Соғыс кемелеріне Сүмбіле атын беру АҚШ та да бар, мысалы USNS Сүмбіле кемесі (USNS Sirius (T-AFS-8)).

Атлант мұхитын тарихта тұңғыш рет жалғыз кесіп өткен Чарльз Линдберг тұңғыш рет айдаған моноплан моделі Lockheed 8 Sirius деп аталған екен.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

1980 жылдары Mitsubishi Motors Mitsubishi Sirius атты двигательмен әйгілі болғаны белгілі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Солтүстік Америка спутниктік радио компаниясының CD қабылдағышты 1999 жылы 11 айдан бастап "Аспандағы ең жарық жұлдыз" бойынша Sirius Satellite Radio аталғаны белгілі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сурет:Five Pointed Star Lined.svg
Серер діні үшін ғарыш рәмізі — Сүмбіле жұлдызы белгісі

J.K. Роулинг Гарри Поттер романдар сериясында Гарри Поттердің ұстазын Сириус (Сүмбіле) деп атаса, оның хайуани пішіні үлкен бір қара ит етіп суреттейді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Композитор Karlheinz Stockhausen кезінде өзін Сүмбіле жұлдызындағы бір ғаламшардан келгенін айтқан болатын. Ал оның күйлерінің көбі осы жұлдыз тақырыбында болып келеді.<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref>

Сенегал Гамбия және Мавританиядағы серер ұлтының сенімі болған Серер дінінің діни символизмі мен космизмі Сүмбіле болып, олар үшін бұл жұлдыз өте киелі есептеледі. Олар тұқым себуде, әсіресе жаңбырды болжау мен тілеуде көбінесе осы Сүмбіле жұлдызына қарайды және содан талап етеді. Олар үшін ғарыштың рәмізі осы Сүмбіле жұлдызы.<ref>Gravrand, Henry, "La civilisation sereer : Pangool", vol. 2, Les Nouvelles Editions Africaines du Sénégal, (1990) pp 20-21, 149-155, ISBN 2-7236-1055-1</ref><ref>Clémentine Faïk-Nzuji Madiya, Canadian Museum of Civilization, Canadian Centre for Folk Culture Studies, International Centre for African Language, Literature and Tradition (Louvain, Belgium). ISBN 0-660-15965-1. pp 5, 27, 115</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтеме

Үлгі:Кесте