Тазы шоқжұлдызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Canis major constellation map.png
Тазы шоқжұлдызының картасы

Тазы шоқжұлдызы (лат. Canіs Major) — аспандағы танымал шоқжұлдыздардың бірі. Қазіргі белгілі 88 шоқжұлдыздың, Птолемей анықтаған 48 шоқжұлдыздың қатарында. Тазы шқожұлдызынің, сондай-ақ жерде көрінетін тұрақты жұлдыздардың ең жарық жұлдызыСүмбіле болып, ол 1,46 көрінерлік жұлдыздық шамада жарқырап көрінеді. (Әрине, ғаламшарларды қоссақ айды айтпағанда Шолпан жұлдызы ең жарық көрінетін жұлдыз есептеледі.) Сүмбіле сондай-ақ әйгілі Қысқы аспан үшбұрышының да бір бұрыш нүктесі есептеледі.

Тазы шоқжұлдызындағы негізгі жұлдыз — Сүмбіле жерден қарағандағы ең жарық жұлдыз ғана емес, жерге өте жақын тұрақты жұлдыз болып та табылады, ол жерге 8.6 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Оның грекше мағынасы "өрттей ыстық" болып, Жерорта теңізі айналасында ол негізінен жазғы ыстық көтерілетін мезгілде аспанға көтерілетіндігіне қатысты. Ол кезді ежелгі Гректер "Ит күні" деп атаған, өйткені тек құтырған ит қана осындай ыстықта далада қаңғырып жүре алады деп, бұл жұлдызды "ит жұлдызы" атаған. "Тазы" сөзі осыдан шыққан.

Шоқжұлдыз туралы аңыз

Әрине, бұл атау тек ит қана жүре алатын ыстыққа ғана қатысты емес, онда тағы тарихи мифологиялық сенім негізі де бар. Тазының әу бастағы аты Лелап (Laelaps – Λαῖλαψ) делінеді. Лелап ұстамаған аңы қалмаған, ешбір аң қашып құтыла алмайтын тазы болған.

Әңгіме былай өрбиді:

Кефал (Cephalus) от құдайы Гефест мен Афина қаласын салушы Кекропстің (Cecrops) қызы Герсадан (Herse) туған ұл. Ол бүкіл грекке танымал аңшы, өз әйелі Прокриданы (Procris) өте жақсы көрген екен. Прокрида Афина патшасы Эрехтейдің (Erechtheus) қызы болатын.

Бақытқа қарсы, бұл көңілді отбасыға үшінші жақ килігеді, ол Таңсәрі құдайы Аурора (римше Аурора, грекшесі: Эос) Кефал аздырып көңіл қосады да, одан астыртын үш ұл туады. Сонда да Кефал өз әйелін сағына берген соң Аурора оның Прокриданың қасына қайтуып баруына жол қояды, бірақ олардың отбасына қарғыс айтады. Таңсәрі құдайы Аурора Кефалдың келбетін өзгертіп, оған өз әйелінің адалдығын тексеруді бұйырады. Сонымен сандырақ арқылы сандырақты тексеру сөзсіз сандырақ туғызады, Прокрида келбетін өзгерткен өз күйеуіне ақыры көңілін аударады. Сол кезде күйеуі Кефал қайта өз қалпына келеді де, ұялған әйелі Прокрида орманға қашып кетеді. Ол сонда аңшылар құдайы Артемиданың ілесушісі болады. Артемида оған мүлтіксіз тиетін найза мен ешбір аңды құтқармайтын тазы (Лелап (Laelaps) береді.

Сурет:Piero di Cosimo 013.jpg
Прокриданың өлімі және Лелап

Қатты өкінген Кефал өз әйелін орманнан табады және екеуі өткенді ұмытысып, қайтадан бақытты тұрмыс кешіре бастайды. Ол әйелінің найзасын алып, тазы Лелапты ертіп, орманда ғашықтық әндер айтып аң аулаумен болады. Оның әнінің мағынасын түсінбеген бір Афиналық Прокридаға барып күейі Кефал орманда періштелермен сайран салып жүр деп өсек жеткізеді. Шын екен деп сеніп қалған Прокрида орманға жүгіріп барғанда күйеуі аң екен деп оған найза лақтырады. Сөйтіп Прокрида тіл тартпай өледі.

Әйелін оқыс өлтіргеніне қатты қапаланған Кефал Афинадан кетіп, жеті қабат қақпасы бар Фивы (Thebes) қаласына келеді. Онда ол Амфитрионға көмектесіп ешкім ұстай алмайтын қу түлкі Теуместі (Tevmess) ұстамақшы болады. Ол түлкі Теңіз құдайы Посейдон Фивылықтарды жазалау үшін жіберген түлкі екен. Ол ай сайын олардың бір ұл баласын жеп кетіп отырыпты. Кефал түлкіге әйелінің ешбір аң қашып құтыла алмайтын аң иті Лелапты (Laelaps) жібереді. Ал, оның алдындағы түлкі ешбір аң иті ұстауы мүлде мүмкін емес түлкі болатын. Бұл парадокске басы қатқан Зевс екі хайуанды олар қуалай-қаша бастағанда Теуместі тасқа айналдырып жіберіпті, ал Лелапты аспанға көтеріп шоқжұлдызға айналдырыпты. Тазы шоқжұлдызы осылай пайда болыпты.

Кефал кейін Амфитрионмен бірге телебоямилықтарға қарсы соғысқа қатысып, жеңіске жетуге үлкен ерлік көрсетеді. Соғыстағы ерлігі үшін оған бір арал сыйға беріліп, ол арал "Кефалиния" (Κεφαλλονιά,Kefalonia,ағыл: Cephalonia) деп аталыпты. Кефалиния аралы күні бүгінге дейін солай аталады. Ол өзі де сол аралда қартаяды. Кефал сондай-ақ батырлығына айласы сай Итака патшасы, Лаэрттің ұлы Одиссейдің арғы атасы есептеледі.

Бұл ертегінің тағы бір нұсқасы былай айтылады:

Таңсәрі құдайы Аурора(Aurora, грекше Эос) жас аңшы Кефалға ғашық болып қалып, түрлі амалды түгел қолданса да оның көңілін бұра алмайды. Кефал өзінің жас әйелі Прокридагы әрқашан бұл періштеден артық көреді. Соңында Аурора қатты қапаланып, былай дейді: «Жоғал, ұятсыз екі аяқты пенде! Өз әйеліңе арқандала бер! Бірақ бір күні оны көргенде қатты өкінетін боласың» дейді.

Кефал үйіне келген соң бұрынғыдай әйелімен бақытты тұрмыс кешіре береді. Оның әйелі аңшылар құдайы Артемиданы (Artemis) қатты құрметтейді. Артемиде оған аң аулағанда қолданатын тазы Лелап пен бір найза береді. Прокрида тазы мен найзаны Кефалға береді. Оның тазысы әлемдегі ең тез қуатын тазы екен. Ол орманда әлемдегі ең тез қашатын түлкінің соңына түсіп енді жете бергенде екеуі де бірдей тасқа айналып кетеді. Өйткені бұл ең тез екі хайуанды жаратушы Құдайлар олардың бірінің жеңіліс табуын қаламаған екен. Ал, Артемида берген найзаның жамандық, сор әкелетіні жазымыш екен. Әдетте Кефал аң аулап шаршағанда көлеңкеге келіп желге терін құрғатады екен. Кейде ол көлеңкеде отырып: "кел, үлбіреген Аурора, жұмсақ самал періштесі, менің денемдегі терді құрғат" дейді екен. Мұны естіген әлдекім оны Аурорамен сөйлесіп отыр деп түсініп, Прокридаға өсек жеткізеді. Прокрида шын деп сеніп қалады да, екінші күні астыртын Кефалға білдірмей ілесіп шығып, Кефал демалатын жердің мағына жасырынады. Кефал аң аулап шаршағанда тағы да көлеңкеге барып, Аурораны шақырады. Мұны естіген Прокрида ауыр күрсінеді. Оның күрсінген дауысын естіген Кефал оны аң деп ойлайды да найзасын лақтырады. Найза еш мүлт кетпей Прокридаға қадалады. Ол жүгіріп барып Прокриданы құшақтайды. Өлім алдында көзін зорға ашқаш Прокрида: "өтінемін, егер мені шын сүйген болсаң, менің соңғы тілегімді орындашы, ешқашан мынау сұрқия самалмен үйленбеші" дейді. Сөйтіп ол Кефалдың құшағында жан тапсырады.

Арғаспан денелері

Арғаспан денелері (Deep sky object, DSO)— астрономиялық арнаулы атау. Ол аспанда күн жүйесі (ғаламшар, коммета, серік жұлдыз) және тұрақты жұлдыздардан тысқары аспан денелері. Андромеда Галактикасы (М31), Аңшы шоқжұлдызындағы М42 тұмандығы қатарлыларды айтпағанда олар көзге түсе бермейді. Арғыаспан денелеріне Үйіржұлдыз, Тұмандықтар, Галактикалар, Қосаржұлдыздар жатады.

Тазыда өте жарық арғаспан денесі жоқ. Тек Тазының оңтүстігіндегі 4градус жерде M41(NGC2287)атты үйіржұлдыз бар, ол 4.6 шамадағы Тарқақ үйіржұлдыз есептеледі. Ол жер шарынан 2300 жарық жылы қашықтыққа орналасқан. Онда айқын түрде көк түс, сары түс және қоңыр түс байқалады.

Тазы ергежейлі галактикасы кейін байқалған, Құс жолын айналып қозғалатын ергежейлі галактика болуы мүмкін делінеді. ол туралы таласты пікірлер әлі бар.

Тазы ергежейлі галактикасы

Сурет:Stars fleeing a cosmic crash.jpg
ESO 489-056 ергежейлі галактикасы, 16 млн жарық жылы шалғайда. Қақтығыс орын алған болуы мүмкін.

Тазы ергежейлі галактикасы (The Canis Major Dwarf Galaxy (CMa Dwarf), немесе Canis Major Overdensity (CMa Overdensity)) — миллиардтаған тұрақты жұлдыздардан құралған, бірақ Алып қызыл жұлдыздар негізгі санды ұстайтын галактика. Ол соншылық тәртіпті, жинақы галактика еместігі байқалады. Дегенмен Құс жолы жүйесіне жақын, Күн жүйесінен тек 25 000 жарық жылы қашықтыққа орналасқан. Ал, Құс жолы жүйесі өзегінен 42 000 жарық жылы қашықтықта қозғалады. Оның пішіні негізінен эллипис болып, ондағы тұрақты жұлдыз саны құс жолына ұқсайтын Мерген ергежейлі сфероидалды галактикасына қарайлас.

Бұл галактиканы 2003 жылы Франция, Италия, Англия, Австралия астрономдарының ұйымдасқан халықаралық тобы байқады. Құс жолын үш рет айналған Бұғы шоқжұлдызы (Monoceros) алқасына талдау жасаған ғалымдар осы галактиканы ашады. Жерге ең жақын галактика болса да, Құс жолы табағының артына жайласып, қою тұрақты жұлдыздар, газдықтар, жұлдыз аралық шаң-тозаңдар қымтап тұрғандықтан байқалуы қиындаған. Сосын көлемінің шағындығы да кеш байқалуына себеп болыпты.

Оны байқаған астрономдар 2MASS сандық шамаларына анализ және анықтау жасап, инфрақызыл сәуленің газдар мен тозаңдар жағынан жұтылмайтынына негізделіп байқаған екен. Осы техникаға сүйеніп, ғалымдар Тазыдағы М тұрақты жұлдыздары арасындағы осы галактиканың құрылымын айқындады: ол біршама кең және доғалау пішінде болып келеді.

Ғалымдардың мөлшерлеуінше, Тазы ергежейлі галактикасы Құс жолының жойқын тартылыс күшінде сүйреленуде. Оның негізгі бөлігі тіпті галактикадан ажырап кеткен көрінеді. Тартылыс күшінің жеміруінен ондағы тұрақты жұлдыздар Құс жолын айналатын тұрақты жұлдыздар ағынына айналған көрінеді. Демек, оның құрылымы күрделі, ішкі-сыртқы қайшылығы (Әуелгі ерекшелігі мен Құс жолының тартылысы ортасындағы қайшылық) асқынған.

Тазы ергежейлі галактикасына байланысы бар Шар тәрізді үйіржұлдыздар NGC 1851、NGC 1904、NGC 2298 және NGC 2808 қатарлылар. Олардың бәрі Құс жолы жағынан тартылыс күші жеміруіне ұшыраған қалдықтар. NGC 1261 да жақын орналасқан Үйіржұлдыз есептеледі, бірақ оның жылдамдығының өзгеше болғандықтан, бұл үйіржұлдызға тән емес делінуде.

Сурет:Ngc2207.jpg
NGC 2207 e IC 2163

Тазы ергежейлі галактикасында Тарқақ үйіржұлдыздар да бар. Олар Dol 25 және H18 қатарлылар. Бәлкім АM2 де қамтылуы мүмкін. Бұл тарқақ үйіржұлдыздар ергежейлі галактика тартылыс күшінің жойқын әсерінде ергежейлі галактика табағындағы материялар тұрақты жұлдыздар жасай бастайды.

Тазы ергежейлі галактикасына жүргізілген зерттеулер галактиканың өз жолы бойындағы, өз өсіп жетілуіндегі жолыққан ұсақ галактикаларды жұтып алатыны туралы пікірді растады. Кезекте Құс жолы өз басымдығына сай аталған галактиканы ұсақ серік галактика ретінде галактика табағының бетінде айналдыруда.

Yazan Momany қатарлы кісілер 2MASS сандық шамасына талдау жасап, ергежейлі галактиканың мәніне күдікпен қарады. Бұл деректер бойынша Тазы шоқжұлдызының жоғары тығыздыққа ие аймағы галактика табағының бұлтиып шыққан өңірі екен. Дегенмен, Үлкен арланның жоғары тығыздық өңіріне қатысты мәселелер әлі де шешілмеген таласты тақырып есептеледі.

Негізгі жұлдыздар

Сурет:CanisMajorCC.jpg
Тазы шоқжұлдызы
Жұлдыз аты Қазақша ағылшынша ағылшынша мағынасы жұлдыз шамасы
Тазы α Сүмбіле Sirius Тазы/Ыстық -1.44
Тазы β Мырза Murzim / Mirza Күзетші 1.98
Тазы γ Арлан Muliphein / Isis Серт 4.11
Тазы δ Сауыр Wezen Салмақ 1.83
Тазы ε Үлбір Adhara Қыз 1.50
Тазы ζ Жартас Furud ғаріп 3.02
Тазы η Үшкіл Aludra Бойжеткен 2.45
Тазы κ - - - 4.36
Тазы ν3 Шұбар - - 4.42
Тазы ξ1 - - - 4.34
Тазы ο1 Ен - - 3.89
Тазы 15 - - - 4.82
Тазы 17 - - - 5.80

Сілтемелер

[[Қазақ Энциклопедиясы] 9 том