Алып қызыл жұлдыз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Redgiants.svg
Алып қызылжұлдызды күнмен салыстырсақ

Алып қызыл жұлдыз (Red giant) — ыдырау күйіндегі алып жұлдыздардың бірі. Жұлдыз массасына қарай оның өмір сүру мерзімі миллиондаған жылдарға ұласады. Алып қызыл жұлдыз 0.5 тен 8 күн массасы шамасында болады және массасы одан да алыптарын Аса алып қызыл жұлдыз (Red supergiant) деп, ал одан да зорын Гипергигант (Hypergiant) деп атайды.

Ерекшелігі

Герцшпругн-Рассел диаграммасында Алып қызыл жұлдыз Негізгі тізбек жұлдызына тән емес, спектрі К, немесе М түріндегі алып жұлдыз екені байқалады. Олар қарамаққа қызарыңқы көрінгендіктен және шамасы біршама үлкен болғандықтан Алып қызыл жұлдыз деп аталған. Кит шоқжұлдызындағы Мир жұлдызы, Торпақ шоқжұлдызындағы Альдебаран, Сиыршы шоқжұлдызындағы Арктур жұлдызы алып қызыл жұлдыз есептеледі. Ал, Сарышаян (шоқжұлдыз) Антарес, Орион шоқжұлдызындағы Бетельгейзе, Тазы шоқжұлдызындағы Тазы VY жұлдызы қатарлылар Аса алып қызыл жұлдыз есептеледі.

Көп санды алып қызыл жұлдыздардың өзегі термоядролық реакцияға түсіп ыдырамаған гелий атомдарынан құралады. Олардың энергиясын гелий қабатының сыртындағы өртенген сутегі қабаты қамдайды. Сондықтан олар алып қызыл жұлдызының RGB тармақ жұлдызын құрайды. Дегенмен, өзегі көміртегі қатарлы ауыр атомдардан құралған алып қызыл жұлдыздар да болады, олар AGB жұлдыздары есептеледі. Жұлдыз атмосферасындағы көміртегі мөлшері біршама көбірек AGB жұлдыздарының спектрлік түрі CN -нен CR түріне дейін болады.

Өзгеруі

Сурет:Mira 1997.jpg
Мир алып қызыл жұлдызы

Массасы күннің 0.5-тен 7 есесіндей жұлдыз өз өзегіндегі сутегі отынын тауысқан соң жану өзек сыртындағы сутегісі бар қабатқа ауысады. Ал өзегіндегі гелий жұлдызды энергиямен қамдай алмай ауыр салмақ себебінен қусырыла қызады және өзек төңірегіндегі қабаттардағы сутегі өзегіне құйылып, шұғыл энергия бөліп шығара бастайды. Бұл оның әуелгісіне қарағанда жарқырай түсуін туғызады (әуелгісінің 1,000~10,000 есесіндей) және көлемі де ұлғаяды. Көлемнің ұлғаю мөлшері жарық шығару қабілетінен артып кеткенде беткі қабатының температурасы төмендейді. Сөйтіп беткі қабаты температурасының әлсіреуінен жарығы қызылға жылжып, алып қызыл жұлдыз болып көрінеді. Теориялық тұрғыдан айтқанда, жұлдыз спектрі А дан К түріне дейінгі негізгі тізбек жұлдызы алып қызыл жұлдызға, немесе тіпті аса алып қызыл жұлдызға айналады. Ал, О дан В ға дейінгі түрдегі жұлдыздар Алып көк жұлдызға (бұл алып қызыл жұлдыз өзгерісіне ұқсамайтын үрдісті бастан кешіреді) айналады.

Жұлдыз өзегіндегі қусырылу гелийдің үштік реакциясын (Triple-alpha process) оталдыратындай тығыздық пен температура шартына жеткенде гелийдің термоядролық реакциясы басталады.

Сурет:Estrellatipos.png
Ұлғаю барысы

Массасы күннің 2.5 есесінен төмен жұлдыздар туралы айтсақ, гелий өзегін жалғасты қусырылуынан өзегіндегі гелийдің жиналуына қарсылық үдеп, гравитацияға қарсы электронды қысым пайда болады. Сондықтан, температурра өрлеп 100 млн градусқа барғанда Ақ ергежейлі жұлдыз секілді тығыз жұлдыз қалыптасады. Бұл түрдегі гелийлік жану өз ішіндегі энергияны бірден сыртына шығара алмайтындықтан, энергияны жинай келе жұлдыздың қысқа мезеттік кенет жарқырауын туғызуы мүмкін. Сосын өзегі тағы да энергия жеткіліксіздігіне ұшырап, сыртқы қабатындағы сутегі жұқа қабатта, күрделі үлгіде гелийге айналып өзегіне жинала береді. Сөйтіп ұзақ уақыт гелий жиналып белгілі шектен өткенде өзекті қоршаған көміртек - оттегі бай қабатта тағы да гелийлік жарқырау пайда болады. Бұл кезде жұлдыз H-R диаграммасындағы алып жұлдыздар қатарына жайғасады және әр реткі шұғыл жарқыраудан кейін келесі алып жұлдыз түріне ауысып отырады.<ref>Our Sun. III. Present and Future,2006ж. өзгертілген.</ref><ref>lecture18,2006ж. өзгертілген.</ref><ref>Lecture 16: Low-Mass Stellar Evolution,2006ж. өзгертілген.</ref>

Сурет:Solar Life Cycle.svg
Күннің болған және болатын толық тарихындағы ғұмыр циклы

Күн массасының 2.57 есесінен үлкен жұлдыздардың термоядролық реакциясы тез жүреді, өзегі ыстық болады, оның оталуы ақ ергежейлі жұлдыз түріне жетпей тұрып басталады, барлық ядролық қозғалыстар біртегіс және үздіксіз жүріледі. Мұндай жұлдыздарда ауыр металл мөлшері аз (металға кедей жұлдыз) болғанда олар H-R диаграммасындағы орта тармаққа қосылады. Ал, Металға бай жұлдыздар бұл кезде H-R диаграммасында қызыл жұлдыздарға қосылады.<ref>orange sphere of the sun</ref>

Алып қызыл жұлдыз сатысын бастан кешірмейтін жұлдыз

Сурет:Pistol star and nebula.jpg
Пистолет жұлдызы, өзгергіш жарқын көк жұлдыз түріне жатады

Массасы шағын Қызыл ергежейлі жұлдыздың (<0.5 күн массасы) конвективті зона қабаты болып, конвективті күйде болатындықтан ондай жұлдыздың элементтері негізінен тең шамада толып тұрады.<ref>The Astrophysics Spectator: Main Sequence Star,2006ж.</ref> Оның өзегіндегі температура онсыз да жоғары болмаған соң, және массасы тым кішкентай болған соң бүкіл жұлдыз өзін қусыру арқылы тартылыс күшті ұстап тұруының қажеті болмайды. Сондықтан бұл түрдегі жұлдыздар өзінің "қартайған" шағына жетсе де сутегі молшылығы болмаса да қусырылу арқылы өзегіндегі термоядролық реакцияға отын жеткізіп беруінің қажеті болмайды, өзегіндегі сутегіні сарықса да алып қызыл жұлдызға айналмайды.</ref>Late stages of evolution for low-mass stars,2006ж.</ref> Олардың негізгі тізбек жұлдызындағы өмірі біздің ғаламның жасынан әлдеқайда ұзақ болғандықтан бұл түрдегі жұлдыздардың өзгерісі тек теориялық тұрғыда ғана мүмкін, ал нақты оларды өлшеу тәжірибесі жоқ.

Массасы жоғары O、B жұлдыздары (25 күннің массасынан үлкендері) H-R диаграммасының сол жақ бұрышына орналасқан болып, олар алып көк жұлдыздар және аса алып көк жұлдыздар болып келеді. Олар H-R диаграммасының ең жоғарғы тұсына қарай жылжитындықтан, гелийлік термоядролық реакция арқылы жарқырауы өте жоғары өзгергіш жарқын көк жұлдызға (Luminous blue variables (LBVs)) айналады, немесе Вольф - Райе жұлдызына (Wolf-Rayet stars) айналады. Сосын олар Ⅱ түрдегі, немесе Ⅰb、Ⅰc түріндегі ғаламатжұлдыз жарылысын бастан кешіріп, өзінің қысқа жұлдыздық ғұмырын аяқтайды.

Алып қызыл жұлдыз ретіндегі күн

Негізгі тізбек жұлдызы болған күннің қазіргі сипаты және болашақтағы алып қызыл жұлдыз ретіндегі күн 5, немесе 7.5 млрд жылдан кейін біздің күн алып қызыл жұлдызға айналады.<ref>Our Sun. III. Present and Future,by Sackmann, I.-J., Boothroyd, A. I., & Kraemer, K. E., Astrophysical Journal v.418, p.457</ref> Ғалымдардың есептеуінше ол кезде күн ерепайсыз үлкейеді және қазіргі күн жүйесіндегі Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз секілді ғаламшарлар мен басқа да ғарыштық нысандарды түгел жұтып алуы әбден мүмкін.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Дегенмен, күннің тартылыс күші де массасының азаюынан әлсірей түсетіндіктен, марстан былайғы ғаламшарлар түгелдей күн жүйесінен сыртқа қарай беттеп қозғала бастайды. Меркурий, Шолпан ғаламшары күнге жұтылары сөзсіз, бірақ жер шарының тағдырын әлі де анықтай түсуге тура келеді. Толқыту күші (Tidal force) болмаған жағдайда жер шарының күнді айналу жолы сыртқа қарай 1.5 астрономиялық бірлік кеңейеді. Бірақ таяудағы зерттеулер жершары мен күннің толқыту күші болатынын, сондықтан жер бәрібір күнге жұтылатынын растауда. Бірақ осының алдында күннің сутегісі сарқылғандықтан жер бетіндегі биосфера әлдеқашан күйреген болады және артқан күн энергиясы жер шарындағы суды парландырып жібереді. Осыдан 3 млрд жылдан кейін жер шары беті бейне марс беті секілді шыжыған ыстық болады, ары қарай 5 млрд жыл өткенде жер шары бетіндегі ауа сыртқы әлемге шашырап кетеді. Сөйтіп жер шары күл басқан қара түнек ғаламшарға айналады.<ref>Earth may still be vanish before sun expands further on</ref>

Алып қызыл жұлдыз кітаптарда

Сурет:Mansteel1.png
Суперман образы

Суперман туралы комикс кітаптарда Суперман туған Криптон ғаламшарын қамтыған ғаламшар жүйесі (planetary system) айналып жүрген жұлдыз алып қызыл жұлдыз есептеледі. Оқиға желісі бойынша Суперманның күш қайнары жершары айналып жүрген сары күннен келген. Әрине, Киносында Кпиптон ғаламшарынан көрінетін жұлдыз Аса алып қызыл жұлдыз есептелді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер