Рамазан айының анықталуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рамазан айының анықталуы. Шағбан айының жиырма тоғызыншы күнінен бастап, жаңа туған айды іздеу - уәжіп. Рамазан Оразасының аяқталуы үшін де Шәууәл айын іздеу - уәжіп. Егер Рамазан айы көрінсе, ертеңіне Рамазан Оразасы басталады. Егер де аспан бұлтты болса, шағбан күндері отызға толтырылады. Одан кейін барып, Ораза тұгылады. Сол секілді Рамазан айының жиырма тоғызыншы күнінде де Шәууәл айы көрінуін қадағалаушы. Жаңа ай көрінсе, ертеңіне Рамазан айты басталады. Ал егер керінбесе, онда Рамазан отыз күнге толықтырылады. Яғни, Ораза ұстамды. Жаңа ай көрінген кезде тәкбір айтылуы керек. Бұл - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жаңа айды көргенде былай деп дұға ететін: «Аллаһым! Мына айды бізге берекет, иман және амандық пен тыныштыққа арқау ет. Ей, жаңа ай. Сенің де, менің де Раббым - Аллаһ(Бухари, Саум, ІІ). Рамазан айы немесе Ораза айты аспан ашық болған кезде бірнеше адамның айды көруімен анықталады. Әбу Ханифаның кей сөзі бойынша, екі әділ адам куә болуы жеткілікті. Егер күн ашық болмай бұлт, тұман секілді кедергілер кездессе, тек қана бір әділ, парасатты, шыншыл адам ғана көрсе,оның куәсі жеткілікті. Бұл адам әйел де, ер де болуы мүмкін. Айдың туылуы туралы алдын-ала хабар берген астроном ғалымдардың сөзі іске аспайды. Рамазан айы мен айты жаңа айды көзбен көрумен ғана іске асады. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.) «Айды көргенде ораза ұстап, айды көргенде оразаны бұзыңдар», - деген (Бухари, Саум, 5). Сондықтан бір жерде бір жамағат немесе бір ел жаңа туған айға куә болса, барлық мұсылман елдерінде бұл жеткілікті. Сондықтан бір елде жаңа айды көргендер телефон, теледидар, радио, интернет арқылы бір-біріне хабар беруі тиіс.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub