Пункция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пункция(латын тілінде punctіo — егу) — тінді бос инемен не арнайы аспаппен (троакар) тесу.

Пункция — шприц инесі арқылы дене қуысын тесу. Пункция арқылы дене қуысына жиналған сұйықтың немесе газды сыртқа шығарады. Мысалы: іш кепкенде, құрсақ ішіне сарысу жиналғанда және жұлын миға сұйық жиналғанда пункция жасайды.<ref>Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5</ref>

Пункция диагностика қою немесе емдік мақсатта жасалады. Диагностикалық пункция адам тінінде немесе органындағы патологиялық процестерді зерттеу мақсатында, сол органнан не тіннен сұйықтық (ірің, сарысу) алу үшін жасалады. Адамның жалпы жағдайын, жеке органдары мен белгілі бір жүйенің қызметін зерттеу үшін, қан тамырына не арнайы бір органға құрамы әр түрлі рентгендік заттарды (дәл рентгендік көріністі алу үшін) немесе әр түрлі химиялық қосындыларды, сондай-ақ таңбалы радиоактивті изотоптарды енгізеді. Бұл арнайы өлшегіш-диагностикалық құралдар арқылы іске асырылады. Ал емдік пункция қан тамырына немесе белгілі бір тінге дәрілік заттар құю үшін қолданылады, организмді керексіз заттардан (газ, ірің, т.б.), қан тамырларын улы заттардан тазарту үшін олардан қан, лимфа сорып алынады. Пункцияны жүзеге асырғанда асептикалық шараларды қатаң сақтау қажет.<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пункция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

cs:Punkce de:Punktion en:Paracentesis eo:Punktumo es:Paracentesis hu:Szúrcsapolás it:Paracentesi ka:პარაცენტეზი la:Punctio lt:Punkcija pl:Paracenteza pt:Paracentese uk:Пункція