Құрсақ
Жәндіктерде
Құрсақ буынаяқтылар денесінің кеуде бөлігінен кейінгісі. Көбінде құрсақ бунақталған өрмекшілерде және кенелерде кеуде мен құрсақ біріккен. Көп аяқтыларда құрсақ жетілмеген. Жақсы бунақталған құрсақ сыртқы қаңкасының сегментінде әрбір тергит және стернит(вентрит) жақсы айқындалған. Құрсақ кеудемен кең (орнықты құрсақ) немесе тар (сабақталған құрсақ) алдынғы жағымен жалғаскан. Тек қана жоғары сатылы шаянтәрізділерде құрсақ жетілген аяқтары боладыал төменгі сатылы шаянтәрізділерде, өрмекшітәрізділерде және жәндіктердің көбінде құрсақ аяқ болмайды. Жәндіктердің жыныстық және құйрық (церки) қосындылары кейбір төменгі сатылы жәндіктерде грифелькилері, ал кейбір түрлердің ұрғашыларында жұмыртқа салғышы немесе шаншары болады.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>
Дереккөздер
<references/>