Ине

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:SewingMachineNeedle.parts.jpg
Тігін машинасына арналған ине.

Ине<ref>ГОСТ 22249-82 — Иглы к швейным машинам. Типы и основные размеры</ref> - ұзын, жіңішке, өткір ұшты, келесі ұшында тетігі бар, қатты құралдан (бұрын сүйектен) жасалатын зат. Белгілі бір затты күйзелту және деформациялау арқылы жаңа зат өндіру үшін қолданылады. Иненің үшкір ұшының кішкентай аумағына сәйкес ине бойындағы күш азғантай аумаққа шоғырланады. Сонымен қатар, осы пішінге ұқсайтын заттар да ине деп аталады. Ине өлшемі нөлге тиесілі жүздің бір түрі.

Тарихы

Алғашқы тоқыма маталар мен басқа да маталарды біріктіру үшін жіп секілді талшықтармен балық сүйектерінен жасалынған құрал болды. 16 ғасырда металл сымнан бірінші металл ине шығарылды.

Ине түрлері

Қолданысы бойынша түрлері:

  • Тігін инелері - олар өз кезегінде қол инесі және машиналық болып бөлінеді. Қол инесіне қарапайым жіпке арналған құлағы бар инелерді жатқызуға болады: кестелік, тігіншілік, етіктік түйреуіш пен ілгектер. Машиналық инелер тігін машиналарда қолданылады. Тігін машиналарға арналған инелер өлшемі мен пішіні бойынша әртүрлі бола алады. Жұмыс кезінде матаның құрылысына және жіптің түріне қарай инелер таңдалынады. Иненің нөмірі милиметрдің жүздік бөлігінде жазылады (70, 90, 120) - нөмірдің үлкендігіне иненің қалыңдығы сәйкес келеді. Маталық материалдың жібін минималды түрде зақымдайтын арнайы тегіс ұшты инелер, тері, резеңке және мата емес материалдарды тігетін үшкір жиекті инелер және тоқымаға арналған ұшы дөңгеленіп келген инелер бар.
  • Медициналық (сипатты белгісі - зарарсыздандырылуы):
    • Биологиялық сұйықтықты жинайтын - инфузиялық, инъекциялық инелер. Әдетте енгізуге арналады: шприцтер мен дәрі тамызғыштар.
    • Хирургиялық инелер - арнайы биологиялық ұлпаларды тігуде сараланады.<ref>под ред.Симбирцева С.А. Основы оперативной хирургии. — ГИППОКРАТ, 2003. — С. 23. — ISBN 5-8232-0238-5</ref>
    • Пункциялық инелер - құрсақ қуыстары мен ағзадан сұйықтық алу үшін қоланылады.
  • Басқа да техикалық (дауыс сөндіретін инелер, қақпақша инелері) инелер.

Өндіріс

Тігін инелері ине-платиналық өнеркәсіптерде өндіріледі.<ref>История … Кунцевского игольно-платинного завода имени КИМ</ref> Неғұрлым қиын аспект - иненің құлағын жасау. Өтімділігі төмен болаттан жасалса, уақыт келе инені тат басуы мүмкін.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>