Прибрежное мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Прибрежное мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңы өңіріндегі мұнай кен орны. Атырау қаласынан оңтүстік-шығыста 186 км жерде орналасқан, 1973 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық тұрғыдан алғанда сыйыстырушы көтерілім қос қанатты тұзкүмбезді құрылым болып табылады. Құрылымның екі қанаты да мұнайлы, олар жоғарғы бордың сеноман жікқабатына тиесілі шөгінділерден құралған.

Жатыс сипаты

Жатын 397 м тереңдікте орныққан, биіктігі 47 м. Су-мұнай жапсары -450 м-лік белгіде. Жатындардың типі қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Өнімді горизонт терригендік таужыныстардан құралған, ашық кеуектілігі 29%, өтімділігі 2,39 мкм2. Мұнайға қаныққан қалыңдығы 30 м, мұнайға қанығу коэффициенті 0,8. Мұнайдың бастапқы шығымы 3,7 м3/тәу.

Құрамы

Мұнайдың тығыздығы 955 кг/м3. Мұнай мол күкіртті (2,6%), аз парафинді (0,15%). Жатынның жұмыс режимі суарынды. Кен орнында жұмыс жүргізу 1976 жылдан бері тоқтатылған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер