Папуа — Жаңа Гвинея

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Country Папуа — Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекетіТынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ел аумағы құрамына Жаңа Гвинея аралының шығыс бөлігі, Бугенвиль және Бука аралдары (Соломон аралдары), Луизиада және Бисмарк архипелагтарының аралдары кіреді.

  • Жер аумағы 462840 км².
  • Халқы 5 млн. (2001).
  • Астанасы – Порт-Морсби қаласы
  • Ресми тілі – ағылшын тілі, пиджин, моту тілдері де қолданылады.
  • Тұрғындарының 50%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер, қалғандары жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады.
  • Мемлекет басшысы – Ұлыбритания монархы тағайындайтын жергілікті генерал-губернатор.
  • Үкімет басшысы – премьер-министр.
  • Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық парламент.
  • Әкімшілік жағынан 19 провинцияға және 1 астаналық округке бөлінеді.
  • Ұлттық мейрамы – Ұлт күн – 16 қыркүйек (1975).
  • 1975 жылдан БҰҰ-ға мүше.
  • Ақша бірлігі – кина.

Ел аумағы негізінен таулы, қыратты. Жағалау бойындағы ойпаттар мен жайпақ тау бөктерлері тау сілемдерін құрайды. Кейбір тау жоталарының биіктігі 3000 – 4000 м. Елдің ең биік нүктесі – Вильгельм тауы (4509 м).

Климаты

  • Климаты субэкваторлық және ылғалды.
  • Жылдық орташа температура 25 – 28ӘС.
  • Жауын-шашынның орташа мөлшемі жазық жерлерде 1000 – 4000 мм, таулы жерлерде одан да көп. Тайфун дауылы жиі болып тұрады.

Гидрографиясы

Өсімдік және Жануарлар дүниесі

Tабиғи қорлары

Негізгі табиғи қорлары:

Тарихы

Австронезийліктердің (меланезийліктердің) алғашқы қоныстары б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болған. Жаңа Гвинея аралын 16 ғасырдың 1-жартысында португалдар ашты. Жергілікті тұрғындардың африкалықтармен ұқсастығына байланысты арал осылай аталды.

  • 1828 ж. Голландия аралдың батыс бөлігін өз меншігі деп жариялады.
  • 1862 ж. аралдың бұл бөлігі Индонезия қарамағына өтті.
  • 1884 ж. Жаңа Гвинея аралының оңтүстік-шығыс бөлігі Ұлыбританияның протекторатына айналды, ал солтүстік-шығыс бөлігін Германия басып алды.
  • 1906 ж. Австралия неміс протекторатының жерін басып алды.
  • Аралдың Жаңа Гвинея деп аталатын бұл бөлігі 1920 ж. Ұлттар лигасының мандатты аумағы ретінде Австралия Одағына берілді.
  • 1946 ж. мемлекет БҰҰ қамқорлығындағы аумаққа айналды.
  • 1973 ж. желтоқсанда Папуа — Жаңа Гвинея ел ішінде өзін-өзі басқару құқығын алды.
  • 1975 ж. тәуелсіздік жариялап, Ұлыбритания Достастығына мүше болып кірді.
Сурет:Girl of wagifa.jpg
Wagifa аралдағы Итімен отырған қыз

Экономикасы

Экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі.

Экспортқа кофе, какао бұршағы, пальма майы, шай, какос жаңғағы, каучук, алтын, мыс кентасы, шикі мұнай, ағаш шығарады. Сырттан машина және көлік жабдықтары, азық-түлік сусын, темекі, өнеркәсіп тауарлары, химия өнеркәсібі өнімі, минералдық отын әкелінеді.

Сыртқы сілтеме

Дереккөздер

  • Австралия и Океания, М., 1967;
  • Малаховский К.В., Остров райских птиц:
  • История Папуа – Новой Гвинеи, М., 1976;
  • Кики Альберт Моари, Десять тысяч лет в одну жизнь. Перевод с английского, М., 1981.

<references/>

Үлгі:Countries and territories of Oceania Үлгі:Austronesian-speaking Үлгі:Commonwealth of Nations Үлгі:WTO