Соломон аралдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Country Соломон аралдары (Үлгі:Lang-en) — Меланезия құрамындағы топарал. Солтүстік-батыс бөлігі Папуа — Жаңа Гвинея мемлекетінің, қалған бөлігі – Соломон аралдары мемлекетінің құрамына кіреді. Соломон аралдарын 1568 ж. испандық теңізде жүзуші А.Менданья де Нейра ашқан. Аумағы 40,4 мың км². Ең биік жері – 2743 м (Бугенвиль аралында). Ірі аралдары: Бугенвиль, Гуадалканал, Санта-Исабель, Малаита, Сан-Кристобаль, Шуазель, Нью-Джорджия. Аралдар негізінен жанартаулық жолмен пайда болған, әрекетті жанартаулары – Балби, Багана. Климаты субэкваторлық, өте ылғалды. Айлық орташа температурасы 26 – 28С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 2300 мм-ден жоғары. Өзендері қысқа, суы мол. Соломон аралдарының басым бөлігін мәңгі жасыл ормандар (пальма, фикус), қуаң жағын саванналар, өзен бойларын мангр бұталары алып жатыр. Топарал аумағында Куин-Элизабет ұлттық саябағы (Гуадалканал аралында) құрылған.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Үлгі:South Pacific Ocean Үлгі:WTO

Дереккөздер

<references/>