Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев (20 қараша 1947 жыл, Атырау - 14 қазан 2015 жыл, Атырау) — мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (1997-1999).<ref>Қазақстанның экс-премьері Нұрлан Балғымбаев дүниеден өтті</ref>

Өмірбаяны

Білімі

1973 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай және газ факультетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.

1992-1993 жылдары Массачусетс университетінің тыңдаушысы болды.

Қызмет жолы

Еңбек жолын Атырау (қазіргі [[Маңғыстау облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі (1964) болып бастаған.

19731977 жылдары “Маңғышлақмұнай” бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері.

19771992 жылдары Атырау облысындағы Аққыстау өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, “Ембімұнай”, “Ақтөбемұнай” бірлестіктерінің бас инженері, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрігінің Бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибелерін іс жүзінде меңгеру үшін “Шеврон” компаниясында жұмыс істеді.

19941997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, “Қазақойл” ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті болды.

1997 — 1999 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрі ретінде қызметін атқарды.

1999 жылдан “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясының президенті, Қазақстан үкіметінің мүшесі.

Балғымбаев — еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін заман талабына сай дамытып, қазба байлықтарды тиімділікпен игеріп, халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобаларды жасау ісіне тікелей араласып, ұйытқы болған тұлға. Үкімет басшысы ретінде әлеуметтік саладағы реформаторлығымен, отандық тауар өндірушілерге мүмкіндігінше қолдау көрсету бағытын ұстануымен ерекшеленді. 1-дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталған (1999).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

2002 жылдан - «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті.

2007 жылдан - ҚР Президентінің кеңесшісі, Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстанның арнайы екілі.

2009 жылдың желтоқсанынан бері - «ҚазМұнайГаз» салынып жатқан кәсіпорындарының әкімшілігі» ЖШС бас директоры.

Марапттары

  • 1999 жылы елбасының жарлығымен ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» ;
  • 2003 жылы Қ.Сәтбаев атандығы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры (құрметті ғылым атағы);
  • 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • 2013 жылы ҚР президентінің жарлығымен І дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды.


Әскери атағы - запастағы аға лейтенант<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Navbox