Аққыстау
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Аққыстау — Атырау облысының Исатай ауданының әкімшілік орталығы, темір жол стансасы.
Географиялық орны
Облыс орталығы — Атырау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде, Нарын құмынан оңтүстік-шығысқа қарай Жалтыр көлінің оңтүстік жағасына таяу, Каспий маңы ойпатының оңтүстігіндегі, шөлді белдемде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1973 жылы Атырау – Астрахан темір жолын салуға байланысты қаланды. 1996 жылға дейін Чапаев атындағы қаракөл қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде кооперативтік шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
Инфақұрылымы
Аққыстауда "Жайықмұнай" мұнай-газ өндіру басқармасы, баспахана, машина жөндеу және тұрмыс қажетін өтеу шеберханалары, шағын электр станциясы, 2 орта мектеп және сегіз жылдық мектеп, мәдениет сарайы, қонақ үйі, аудандық аурухана бар.